Әбуев Қадыржан Қабиденұлы

Көкше тарихының куәгері – Қадыржан Әбуев

Асылдарымыз туралы қалам тартып сөз еткенде киелі топырақтан деп жата - ды. Сал-серілерімізді, батыр – билерімізді айтамыз, хандарымызды дәріптей міз. Шынында бізге сұлу табиғатымен тәнті еткен киелі Көкше қандай қымбат болса,оның бауырында өсіп-өніп шай қалған тұлғала - ры соншалықты қадірлі де қымбат. Әлем ай налып жерге түссе де кей бір жағдай лар, естеліктер, бастан кешкен оқиғалар естен кетпей ді. Ойландырады. Сағындырады. Сол бір сағым күндердің естелігі ретін - де қалған мына бір жайттар Қадыржан Әбуевтің (1938-2021 жж.) ғалымдық қа - сиетін, адами келбетін, бір адамға бергісіз батырлығын да көрсетсе керек. Батырлық тек қана қолыңа айбалта немесе на й за алып жауға шабу немесе суық қарумен қан сорғалату емес, батырлық пен қайсарлық, өжеттілік адамның мінезі - нен де, аттаған қадамынан немесе сөзі - нен, атқарған істерінен де көрініп тұрады. Біздің де кейіпкеріміздің бойынан өмір - ден көрген теперіші мен тағдырдың та - уқыметі шыңдаған айбыны мен жүректің бір жылулығы, сонымен қатар көлденең көзге көріне қоймайтын терең де ізгі тек - тілік сезілетін. Қылыштың жүзі өтпейтін, ауыр салса батпайтын, күрмеуі көп шырғалаңға түсіп, өзгелермен санаса қоймай, өз басын қатерге де, тәуекелге де тігіп, ақиқат үшін жанын шүберекке байлап шырылдап жүретін, сол үшін бетің бар, жүзің бар демей жүз шай ысып жүретін, тіпті жүз көріспеу кейпіне де келіп қалуы және ол әрекетін ешқашан бұлданбайтын пенденің бірі дегейсің. Өмірінің бәрі күрес, іздену, беттері ашылмаған тарихтың бет-пердесін ашу, ащы да шынайы парақтарын көрсету, дәлелдеу, соның жолында мойымау, түскен соны ізден жаңылмау, адаспау... Елдің бәрі «біздің Қадекең» дер. Қалың Шұңқырша ақылгөйіміз деп қадір тұтар, әулеті пір санайтын данышпа - нымыз десе, шәкірттері мен әріптестері, тарихшылар қауымы қара қылды қақ жаратын әділеттің ізденушісі, жанай қайы деп түсінер. Десе де, мың қа - раның ішінен «дат» сұрайтын да, айқайынан қайтпайтын да, көпшіліктің мүддесіне орайотқа, суға түсуге дайын болып, керегінде қалтаның түбін қағар Атымтай жомартымыз да, ұжымның ұй ытқысын,иінін қандыратын істері де, ағамыздың бойына біткен мол қасиеттерінің бірі ғана ма дерсің. Осы жолда жаратқан иемнің бұл кісіні сынағаны ма, әлде сол сынақтарына төзе алатынын білгені ме, Қадыржан ағамыздың басына үй іп-төгіп берген бейнеттері де аз емес тұғын. Адам деген қызық қой. Сонау жылдары өз алдымызға отау тігіп, егемен - дігімізге қолымыз жете бастаған кезде Көкшетауда да осы жердің тарихын жаза бастаған «тарихсымақтар» пайда бола бастады. Өзінікінен басқаны ақиқат санатына жатқызбайтын пендесымақтарға тарихтың күре жолы - на көзін ашып бермесең, басын оңайлықпен ие қой май тыны пешенеден белгілі. Осынау жалған тарих пен өтірік пәлсафаға Қадекең сияқты өр мі - нез ағамыз қалай күй інбес, қалай шыдасын, қайтып ішкен асы өңешінен өтсін? Шевченко, Терещук сияқтылардың кітабы дүкен сөрелеріне түсіп, оқырман қолына тие бастап, ұлыдержавалық, ұлышовинистік көзқарастар ұлтымыздың намысына тигені, еріксіз қолына ежелгі сын бермес қаруы – қалам алғызғаны бар емес пе... Адамды білем десең де, болмыс – бітімін толық тану мүмкін болмас. Қадекеңнің сыналған жері осы кезең еді. Әліде қайран қаламын, осы әрекеттерін біреу түсінсе, біреу түсінбес. Әлі де ке - шегі кеңестік көзқарас пен дүниетанымнан арылмаған, құлдық ой – өріс белең алған сана бар емес пе? Билік басындағылар, ғалымдар жағы бұғып қалды, ал ендеше. Таразының басына ұлттың неше жыл қор болып, еңсесі түскен езгіден ертеңгі еркін де рухани еркіндігі түсіп еді. Е, ой ланып қал - дыңыздар ма, аша түсей ін, ағамыздың үндемей қалуы мүмкін емес еді. Сол 90-жылдары Мағжанымызға, Ахмет пен Міржақыпқа асқан қиындықпен көше аттарын алып бергенде әлгіндей «білгіштердің» жазғаны ғой, «Көк - шетау қаласының атқару комитеті қаланың бірнеше көшелерінің аттарын өзгерту туралы шешім қабылдады, оларға Көкшетауда белгісіз адамдар - дың аттары берілді» деп бай балам салып. Қадыржан Қабиденұлы жанын шүберекке түй іп алып, мұндай қиянатқа қалай төзсін. Арғы атасы кезінде ақ патшадан шен-шекпен алған Шөбек болыс, бергі атасы Сарт би, нағашысы Кеңес Одағының батыры Жәлел Қизатов болса, кімнен қорықсын. Өз аталарының өзі тектінің тектісі, Қарауыл Шұңқырша ішіндегі әй гілі Науан хазірет, кезінде Петерборда оқыған Мәмбетәлі Сердалиндер. Жаратқанның берген жүрегі де, қанмен берілген бірбеткей лік те бар дегендей, талай есікті тоздырды, халықты жұмылдырды, көпшілік пікір туғызды. Төпелей жазды, көсілді, дәлелдеді. Қадекеңнің азаматтығына, ай бынына, мінезіне таң қалмаған адам жоқ шығар. Саралай білетіндер таңдай қағысты. Мойындатты. Санастырды. Көздерін ашты. Жалпы әулетінде тарихшы да жоқ. Дәрігер бар, қаржыгер, қызметкер дегендей бауырлары, балалары да әке жолын қуамыз деп ай та қой ған жоқ. Жас кезінде білімін жалғастыру ойымен аспирантураға Алматыға түскенде, тарих институтында атағы жер жарған Әлекеңмен, иә, иә кәдімгі Әлкей Марғұланмен кездесіп қалмайма, сондағы ол кісінің айтқаны ғой: «Сен Қадыржан зерттесең, Шоқанды зертте, оның мұрасы саған да, сенің ұрпақтарыңа да жетеді», – деп. Кейін қандай тақырыпқа қалам тартпасын, мейлі ол тың игеру ме, мейлі Көкше тарихы мен тұлғалары ма, бәрібір ат ай налып қазығын тапқандай Шоқанға ноқта басын бұра бергенді. Әр істің басын қайыратын да, ыстық-суығына күй етін де, жаны ашитын да, өз ісіне берілген мамандар ғой. Сол кезеңнің осы өңір үшін бір олқылығы – кәсіби тарихшылардың жоқтығы көзге бірден мен мұндалап тұратын. Сөйлесе қалғанда айтқаны әлі күнге дейін көз алдымда. «Біздің елде тарихшы тапшы. Алматыдан, Петропавл, Қарағанды дайындайды, көбі тұрақтамайды, кетіп қалады. Жергілікті мамандар дайындау жұмысын қолға алмаса мәселенің шешілмейтінін сезіп бірде ректорға барып осы мәселені тікесінен қойдым, обалы нешік, Абай Ахметқалиұлы бірден қолдады. Содан облыс әкімі Қызыр Жұмабаевқа барып келісімін алып, сол кездегі оқу министрі Шай сұлтан Шаяхметовке бармай мын ба. Бірде ол кісінің біздің қалаға жолы түсіп кездесудің сәті түсті. Барлық жай дың анық- қанығына жеткен соң, уәдесін берді. Кадрлар мен басқа материалдық жағдай, оқу-кітап жағын өздерің шешерсіңдер деді. Ой қуанғаным-ай ... Көктен іздегенім жерден табылды әншей ін. Шу дегеннен мектеп, техникум, білетін жерлерімнен мұғалімдер іздедім. Бәрі баяғы КПСС тарихынан шығып, соның қазанында қайнап, сорпасын ішкендер, ал оқуға түскісі келетіндер жетерлік. Не керек, әупірімдеп жүріп оншақты мұғалімнің басын қосып, алғашқы жылы сыртқы бөлімді аштық-ау. Алғашқы бетте құрамымызда политолог та, философ та болды. Қазақша лекция оқитын адам табылсай шы... Ол уақыт облысымыздың жабылып, өмір сүрудің өзі қиындап кеткен уақыт қой , тіпті Солтүстік Қазақстанның құрамына кіргенде бір өңірге екі бірдей университеттің қандай қажеттілігі бар деген көлденең әңгімелер де өрбіп жатты, тіпті мамандық ашудың өзін ай тпағанда. Алғашқы тарихшылардың аудиторияларын көргенде қуанғанымды айт саңшы», – деген сөздері көп нәрсені аңғартқандай. Басы қатты болса да аяғы тәтті болады деген емес пе, кейін бәрі де орнына келді ғой әйтеуір. Дегенмен де осының бәрін ұй ымдастыру Қадекеңе оңай түспегені анық. Өзі кафедра меңгерушісі әрі сабағын береді, үй бар, бала-шаға дегендей, толып жатқан қоғамдық жұмыстар бастан асып жатады, «Білім» қоғамының мүшесі, ономастикалық комиссия, ассамблея, тағысын-тағылар. Мәуелі ағаштың жемісін көру қандай бақыт, кей ін алғашқы түлектеріміз ұясынан ұша бастағанда ағамыздың қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Қаншама адамдар ақ алғыстарын арқалап шалғай ауылдардан келіп жатты, баталарын берді, ризашылықтарын білдірді. Жеке басының мүддесінен өзінің беріліп істеп жатқан сүй ікті ісінің мүддесін жоғары қоя білу – екінің бірінің қолынан келе бермей тіні анық. Мақала жазу ма, конференция ұй ымдастыру ма, әлде Шоқан, Абылай, Ақмола өңірі туралы энциклопедияны қолға алу ма, ол науқанда ұй қы көрмейсің, маза да жоқ, қашан басталған істің басын қайырғанша тыным тапқызбайды. Сол қарбаласпен жүріп дариядай дүниелердің рухани азыққа ай налып жатқанын бірақ сезерсің. Осыдан оншақты жыл бұрын оқу орындарында басшыларды жиі ауыстыру үрдісі белең алып, халықтың берекесін кетіріп, қиюы қашып жатқан күндерді де басымыздан кешірдік. Біріне бейімделіп үлгере алмай жатқанда, оның орнына басқасын қойып жоғары жақтан, ел ішінде әртүрлі әңгімелер туғызып, елең-алаң уақыт еді. Бірде осындай кезекті науқанда білім мекемеміздің барлық басшылары мен ақсақалдарын салтанат залына жинамасы бар ма. Жаңа басшымыз не айтады, қалай, қандай бағытта жұмыс істейміз, алдымызда қандай жоспарлар бар деп елеңдеп күтіп отырған жағдай. Әр алуан әңгіме, әр сан күдік-ой, жорамал. Содан не керек біраз көсіле келе жаңа ректорымыз университет ғимараттарына көшпесі бар ма... осылай да осылай, бұларды ұстап тұру өте қиын, өзін-өзі ақтамай- ды-мыс, бұларды тез арада сатып, одан түскен қаржыны жаңа құрал-жабдықтарға жұмсай мыз, әйтпегенде шығынға батамыз, басқа амалдың жоқтың қасы деп қарап отыр. Залда мүлгіген тыныштық, ешкімде үн жоқ, бәрі абдырап отыр. Не қарсылық, не құптау жоқ, бәріміз амалсыздан үлкендер жағына қарай мыз не айтар екен деп, шынын айтқанда абдырап қалдық не айтарымызды білмей. Бір уақытта көзім жанымда отырған Қадекеңе түсіп кетті, өңі сұп-сұр, оттай жанып жанарының қарасынан барлық ойы айқын көрініп, бейнебір томағасын сыпырған қыран құстай, жемтігіне шүйіліп тұрғандай еді... Ол кісі қызыл сөздің шебері емес-ті әрі сөй легенде тұтығыңқырап, кей бір сөздерін жұтып қой ып, бір демін ала отыра біртіндеп барып қанатын жаятын. Әрбір сөзі шегедей, бақан қаққандай нығырлап шығатын, адамға уәж қалдырмай тынын қайтерсің. Бір кезде тілдің тиегін ағытты-ай кеп, тымық күндегі оқыстан соққан дауылдың екпініндей шаңырақты шай қалтқандай төбемізден бірақ ұрды. «Зеренді демалыс аумағындағы «Тұлпар» спорттық-сауықтыру кешені болсын, басқа да универдің обьектілері болсын біреуін де бір тиынға саттырмай мыз, бұлардың бәрі әуел бастан еншімізде, тарихымыз, өткеніміз, кезіндегі приватизацияның аласапыранында алып қалғанбыз, студенттеріміз бен ұстаздарымыздың сүй ікті демалыс орны, әртүрлі шаралар, жиындар, практикалар өтетін жер, бұндай ға басқалардың қолдары жетпей жүргенде сіздің мұныңыз не, біз бұған жол бермей міз» деп қарап отыр сабазың. Басшы да ешкім де күтпесе керек, бәрі жым-жырт. Бірінші басшыға қалай жағамын, қалай жақындасамын деп жүргендердің бәрінің аузына құм құй ылды. Өзіміз сияқты ой ымыз алай -түлей болып, іштегіңді сыртқа ақтаруға күшіміз де, дәрменіміз де жетпей аузымызға құм құй ылып отырған жанашырлардың сезімін жеткізу қиын шығар енді. Марқай ған көңіл, тасыған ой, ризалыққа толы жүрек лүпілі, ішкі қуанышым сыртқа шыққысы келіп дес бермей тұр, бөлісер жан іздеп жан-жағыма қарай мын, бәрінің жүздерінен ғалым ағамызға деген шексіз алғысты сезгендей болдым. Тар қапасқа қамалып, түпсіз тығырыққа тірелгенде үміт сәулесінің саңылауын, бір үзік жібін тауып берген Қадекеңнен ай налмасқа болмай ма... Ақыры не керек ешқандай ғимаратымыз сатылымға түспей аман қалды, тәубә, күні бүгінге дей ін біздің ұжымға қызмет істеп жатыр. Осыны қазіргілер біле ме білмей ме деп ой ларсың кей бір кезде... Халықтың мұң-мұқтажын, өкпе-назын, өтініштерін, әрбірдесін басшылыққа, жоғары жаққа жеткізе алмай жататын жағдай лары болады. Қаймығады. Сескенеді.Ұялады. Жұмысынан айырылып қаламын ба немесе әлдеқандай заман боладысының кебін киіп жатады көбінісі. Әлеуметтік жүгі көтере бермейді. Міне осындайда хан мен қараның арасындағы делдалдықта жүруге жарай тын, сөзін төбедегілерге жеткізе алатын адамды іздеу түсінікті ғой. Ол кім десеңіз, ол – Қадекең. Ақиқатын айтқанда, қара басының беделін додаға сала отырып, тақтағы адамға халықтың назын ай ту да оңай шаруа емес екені белгілі. Кімнің жаман атты болғысы келеді дей сің, тырнақтап жинаған аз-маз абырой ын кім бәз біреудің бас әуресіне қия салсын? Жалақы жағдайы ма, сыйақы немесе баспана, жатақхана ма, материалдық көмек әлде қызмет бабындағы түсініспеушілік пе, бәрінің жанай қай ының жанында біздің кей іпкерімізді табармыз. Кей ін бірге істеген үлкенді-кішілі әріптестерімнен сұрасам, бәрінің отбасына, өзіне шапағаты тиіпті, біреуіне магистратура мен докторантура, енді бірімізге кандидаттық диссертацияны қорғату, жұмысқа алу, тағысын-тағы небір жақсылықтары жұғып жатқаны. Көңілі жақсы адамның жарық деген, Өмірі, шығар тауы анық деген. Қадекеңдей абызды көрген кезде Қорғайтын қалқаным бар, анық сенем – деген өлең жолдарын сол кезде түртсем керек. Мына бір кітап жолдарынан үзінді кей іпкеріміздің қызығы мен қиындығы да мол кездесетін сүрлеу де сара жолын аша түскендей ме қалай ... «Өз ісіне шынай ы берілген май талман, кәнігі тарихшы ғана емес, ақиқаттың ақ жолындағы туды еңсесін түсірмей өткен батыр тұлға дерсің. Мей лі ол хан Абылай дың саралы саясаты ма, Шоқанның бей мәлім де көмескі іздері ме, Кенесары мен Ғұбай долланың қилы заман тағдыры ма, Науан хазіреттің аһ ұрған қасіреті ме, ақиқаттың алдаспанымен жалған тарихтың жалауына басын имей, кеудесін тоса білетін. Тегі ме, әлде тәлімді төңірегінің әсері ме, түй сік-тынысы ма, әлде ұранға айналған ұстанымы ма, не ой ға, не пай ымға сый мас көзсіз ерлік пен намыстың биік шыңына, көз жетпес құзына өрмелей шығып, ар алдындағы таңдауынан бір ай ныған емес. Кешегі кеңестік жүй еде қиянат көрсе де рухы сынбай, жамбасы жерге тимей кеткен Жұмабек Тәшеновтей, әділетсіздіктің шымылдығына бүркенбей, кіршіксіз таза өткен Еркін Әуелбековтерге пара-пар еді тарих май данында. Өмірі де ақ пен қараны, ер мен езді, қазағым мен азабын ай ырумен өткен бей не бір сағым тәріздес еді. Қай еңбегін алсақ та салиқалы да сыни көзқарас, сара дара сүрлеу, сүбелі сарын көретінбіз!». Сірә, осыдан артық ештеңе айта алмассың.