Мусин Жағыпар Мұсаұлы

Ғалым Жағыпар Мұсаұлы туралы толғаныс

Зымырап бара жатқан уақыт. Уақыттың ұшқырлығына, уақыттың жылдамдығына бас имеске шарамыз жоқ. Оның құдіреттілігіне шәп келтіруге тағы да әддіміз жоқ! Кешегі құлдыраңдаған бала, енді бір қарасаң белін түзеген жігіт, енді бірде есейген адам... Осылай өмір заңдылығы жалғаса бермек... Алдыңғы толқын ағалар, Кейінгі толқын інілер. Кезекпенен өтілер, Баяғыдай көрінер – депті осы өмір заңдылығын терең түйсінген дана Абай . Кеше ғана арамызда жүрген, өзінің ағалық қамқорлығын, ұстаздық ғибратын білдіруден, төңірегіне шуағын, нұрын төгіп жүретін қамқор әкеміздей, жомарт жүректі, жайсаң ағамыз Жәкеңнің, Жағыпар Мұсаұлының (1930-2005 жж.) өмірден озғанына да он жеті жылдың жүзі болып қапты. Бір бозбала жігіттің жасы. Зырқырап аққан судай, еш белгісі жоқ өмір ағыны бұл! Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандитаты Жағыпар Мұсаұлы – нағыз энциклопедист ғалым, білікті басшы,білімдар ұстаз болды. Ол – терең зерде мен бай эрудиция иесі еді. Гуманитарлық саланың қай саласынан болмасын, ағып тұрған жүйрік еді! Оның тілшілермен тілшілерсе, әдебиетшілермен әдебиетшілерше, философтармен философтарша сөйлескенінің талай куәсі болған едік. Менің өзім жеке басым Жәкеңмен 1988 жылдың 15 тамызынан бері таныспын. Қазақ ССР оқу министрлігінің жолдамасымен сол кездегі Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына оқытушылық қызметке жіберілген едім. Жағыпар Мұсаұлы сол кезде осы кафедраның меңгерушісі еді. Алғашқы таныстықтың өзінде өте биязы мінезді, текті, зиялы адам екені аңғарылды. Әңгімелесе келе, тілге де, әдебиетке де, тарихқа да өте жетік, білімдарлығы бай қалды. Мен әдебиетші болғаннан кейін, үнемі менімен әдебиет жайында сөйлесетін. Мен университетте жүргенде түркологиялық әдебиеттерді көп оқып, сол саламен біраз шұғылданып едім. Сөйтсем Жәкеңнің де сүйікті саласы – түркология болып шықты. Ол кісімен екеу ара осы тақырыпта армансыз ұзақ шүй іркелесетінбіз. Ол кісі өзіндегі кейбір ғылыми кітаптарды оқуға беріп тұратын. Әдебиеттің кей бір ғылыми курстарынан дәріс оқуға алғаш жүрексінгенде, мені қайрап, өзінің ақыл-кеңесін беруден бір шаршамайтын. Кафедрадағы Нарбайаға Ибраев, Аманжол Есмағұлов ағалар да үлкен сенім артып ақыл-кеңестерін аямайтын. Мен өзімнің әдебиеттанушы-ғалым, ұстаз болып қалыптасуыма осы кісілердің үлкен ықпал-әсері, игі көмегі болғандығын қайталап айтудан жалықпаймын. Ғылымда үлкен орыны бар, ұстаздықта бедел, биігі бар, отбасында тамаша әке бола білген осынау абзал жүректі , аяулы ағамыз өзінің бұралаң соқпағы бар өмір өткелектерін, өмір жолын тебірене отырып, әңгімелегені бар еді бір кезде.Жәкеңді сөйлетейік: «Мен Айыртау ауданының Мәдениет ауылында 1928 жылдың 17 шілдесінде дүниеге келіппін» – дейді Жәкең әңгімесін сабақтап: «Бұл қазақ даласында Мәскеулік кеңес үкіметінің, оның жергілікті жердегі әсіре белсенді, жандай шаптарының ел үстіне қара бұлт үйірілткен қытымыр, алақұйын, аумалы-төкпелі заманы болды. Колхоздастыру науқанында, шаруаның жалғыз сиырын тартып алған қым-қуыт шақ болатын. Халық сол нәубеттен есін шала-шарпы жия бастағанда, атышулы, Сталиндік репрессия, саяси сүргін басталды. Әкесі Мұсаны осы дүрбелеңде тұтқындап, кейін «Халық жауы» деп тауып, атып тастады. Бар ауыртпашылық шешемізге түсетін. Мен өз бетіммен тырбанып, сабақты жақсы оқуымның арқасында Көкшетаудағы қазақ педагогикалық училищесіне түстім». Сонау бір жылдары Жағыпар Мұсаұлымен Көкшетау қазақ педагогикалық училищесінде бірге оқыған сабақтасы, ішкі істер қызметінің отставкадағы подполковнигі Зүлкен Рәшитұлы Жәкең жөнінде былайдеп еске алады: «Жағыпар бізден ересектеу болды. Ол кезде де, соғыстан кейін де шәкірттердің жас айырмашылығы ерекше көрініп тұратын. Бұл адамдардың тұрмыс жағдайымен тығыз байланысты еді. Қаражаттың тапшылығынан балалардың дер кезінде оқуларын жалғастыруға мүмкінішілігі болмай тын. Жағыпар жатақханада тұрды. Киген киімі өте жұпыны, өңі сынық еді. Үйінен жөнді азық-түлік те келе бермей тін. Екеуміз шынайы дос болдық. Әкем де, шешем де бар менің халжағдайым басқалардан жақсырақ еді. Үйге әкеліп, тамақтандырып тұратынмын. Сырлас едік. Ұғымтал, зеректе. Үздік оқыды». Міне Жәкеңнің жастық шағы туралы бір деректің ұштығы осындай. 1950 жылы соғыстан кейінгі жылдары қиында қысталаң ауыртпашылығына мойымай, сол кездегі жиырма екі жастағы Жағыпар Мұсаұлы Алматыға барып, Қазақстандағы Жоғары оқу орындарының қара шаңырағы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түседі. Соғыстан кейінгі ауылдағы колхоз жұмысының қиыншылығына қарамай анасы Нәушәрбан ұлының тең құрбыларынан кем қалмай, білім алуы үшін бар қажырқай ратын тауып қаражатпен көмектеседі. Үздік оқыған студент ретінде Жағыпар Мұсаұлы төрт жылғы оқу барысында Сталиндік стипендиат атанады. КОККП-інің атақты ХХ съезінен кейін әкесі Мұса «Халық жауы» деген атақтан ақталады. Мұның барлығы Жағыпар Мұсаұлының кейінгі тағдырына қатты әсер етеді. Жетімдік, жоқшылық, кемсіту қорлау тақсіретін бастан өткерген жас жігіт сілкініп, түлеп, рухы көтерілгендей болды. Институтты үздік бітірген Жағыпар Мұсаұлы Петропавл қаласындағы мұғалімдердің білімін жетілдіру институтына қызметке жіберілді. Бұл жерде өзінің институттан алған білімі мен білігін көрсеткен жас маман ұстаздардың сүй іктісі бола білді. Институт ұжымының мерейіне бөленді. 1959-1961 жылдары Петропавлда ашылған облыстық телевизияға ауысып, тележурналистика саласын игереді. 1961 жылдары Көкшетаудағы облыстық «Көкшетау правдасы» газетіне қызметке орналасады. 1962 жылы Көкшетауда Шоқан Уәлиханов атындағы педагогикалық институт ашылғанда, институтының тұңғыш ректоры Иван Степанович Горохводатский облыстық партия комитеті арқылы Жағыпар Мұсаұлын жаңа ұйымдасқан жоғары оқу орнына қызметке шақыртады. Жәкең осы оқу орнының шаңырағын көтерісіп, уығын бекіткен санаулы азаматтардың бірі. Жоғары оқу орнында ұстаздық қызмет атқарған Жағыпар Мұсаұлы өзінің негізгі мамандығы тіл білімімен түбегейлі, антонимдер мәселесімен шұғылданады. Жәкеңнің ғылымдағы ұстазы, жетекшісі – үлкен ғалым, түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғайниддин Мұсабаев болды. Жағыпар Мұсаұлының ғылымдағы жолы туралы әріптес інісі, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Алтайұлы Жақып былайдеп баяндайды: «Жағыпар Мұсаұлының ғылыми жолын баяндауға көшейік. Ғылымға қазіргі замандағыдай бірден «топ етіп» түсе қалған жоқ. Жоғары оқу орнында 10 жылдай оқыту, зерттеу тәжірибесін алып, ғылым жолының алды-артын бағамдап барып 1970 жылы антонимдерді зерттеу тәжірибесінен алған нәтижелерінен кандидаттық диссертация қорғаған болатын. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы. Жағыпар Мұсаұлының зерттеулерінен біз ұстазы Ғай нетден Мұсабаевтың ұсынақтылығын байқап қаламыз. Егжей-тегжейлі талдау, көл-көсір материалды жинақтап түйіндеу сияқты сыңайлар қазіргі ғылымда прагматизммен байланысты азайтып барады. Ж. Мусиннің зерттеуіне дейін антонимия құбылысы шолу деңгей інен, тіпті, анықтамалық деңгейден аса қойған жоқ болатын. Ж. Мусин антонимия құбылысымен оған шектес құбылыстар арасына меже салды. Антонимнің семантикалық қырларын, жасалуы мен құрылымдықжүй елік ерекшеліктерін түбегей леп белгілеп берді. Сонан бері қарсы мағына бар болса «антоним» деп ай туды тоқтаттық. Оған дей ін кел-келме деген сияқты болымды-болымсыз мағыналардағы сөздерді де антонимдер деу ұшырасып отыратын. Антонимия құбылысында доцент Ж.Мусиннің ашып бергені – «антонимдік контекст». Бұл тұжырымның ілгерішілдігі дәлелденді. Тілдегі, тіпті, жалпы ойлау, танымдағы неғұрлым жалпы ұғым, «оппозициялық» дейтін өзекті мәселе осы ғалымның еңбегі арқылы тілдік айғақтардан тірек тапқан болатын». Жағыпар Мұсаұлы өзі қызмет еткен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтында аға оқытушыдан доцентке, кафедра меңгерушісіне, декандыққа, проректорлыққа дейін көтеріліп, лауазымды,жоғары қызметтерді абырой мен атқарды. Ж. Мұсаұлының тек қана ұстаз, ғалым ғана емес, қазақ тілінің көркеюіне атсалысқан ұлтжанды азамат екенін баса айтуымыз қажет. Ол 1983 жылы Солтүтік өңірлерде қазақ тілінің жүні жығылып тұрған кезде, сол кездегі Қазақ ССР оқу министрі А.Балахметовке дейін барып жүріп, солтүстік өңірлерде алғаш рет Көкшетау қаласында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының филология факультетінің негізінде қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін ашқызуы болатын. Бұл ол кісінің үлкен азаматтық ерлігі болатын. Жәкеңнің осы қасиеті туралы әріптес қарындасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұратова Гүлнәр Әнуарбекқызы былайдеп еске алады: «Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ұлағатты ұстаз Жағыпар Мұсаұлы Мусин – Көкшетау өңірінде ұлттық сананың жаңғыруы, ұлт мәдениетінің дамуына

өзіндік үлес қосқан азамат. Ш.Уәлиханов атындағы педагогикалық институтта қазақ филологиясының ашылуына, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша кадрлар даярлауда үлкен еңбек сіңірді. ...Сыйқұрмет иесі болу үшін, бола алу үшін биік біліммен қоса кемел кісілік те керек екені ақиқат. Біз білетін Ж.Мұсаұлы білігіне кісілігі, кісілігіне білімі сайеді... Ол кісі өзімен қатарлас, замандасымен де, кейінгі жетілген іні-қарындастарымен де, тіпті балаң ойлы студентпен де пікірлес, керек десең, сыр десте, сыр мінез де бола білетін. Өнер мен өмірден түй генін бүкпесіз айтып, сол өнер мен өмірдегі пендешілік пен кісілікке қатысты күйініш, сүйінішін ашық білдіріп те отыратын... Әрқай сымыз ата-ананың мейіріне жарып, мейіріне қанып өссек те, әрқай- сымызға тек солй қарағанын қалап тұратынбыз. Жағыпар ағаның мей ірімге толы жанарынан тек қана әкелік махаббатты көретінбіз. Үйімізді сағынғанда тағы да сол мейірім шуағына бөленгіміз келетін. Ата-анамызға еркелегендей еркелей тінбіз... Жағыпар аға батылдығымыз болса беттен алмады, әлдеқандай бір ойайтсақ, жасқамады, кемістігімізді көрсетіп, әлсіздігімізді айыптаған жоқ. Біздің әрқай сымыз, ол кісі басқарған кафедра ұжымы, Ж.Мұсаұлын біздің басшымыз ғана емес, төріміздің көркі, үй іміздің иесіндей құрмет тұттық. Бұл біздің бардың парқын бағалай алатындығымыздан гөрі, кісілік пен тектіліктің алдында тағзым етуіміз болар. Биік мәдениеттіліктің алдында басымызды ию деп ұғамыз». Жәкеңнің іскер басшы ретіндегі абзал қасиеттері жөнінде өзін Жәкеңе шәкірт санай тын тағы бір әріптес қарындас Раушан Жексенбайқызы Қияқова ойбөліседі: «Жағыпар Мусин басшылық жасаған құстың ұясындайғана кафедра ынтымақ-бірліктің, ұйымшылдықтың құтты мекені тәрізді болатын. Жастардың айтпаған емеуірінінен түсінетін басшы, өз ісінің білгірі, ұстаз, ғалым, тәрбиелеудің, білгеніңді жетілдірудің алтын діңгегі сияқты еді. Жағыпар ағаның қарамағында бір жылдары Майдан Шаяхметова, Гүлшат Ахметқалиева,

Алтын Ұстағалиева, Раушан Қияқова, Бағлан Шөкіманова, Ғалым Қазжанова, Өміргүл Жұмағұлова, Лайс Мусин, марқұм Әсия Сапарова жұмыс істедік. Сол жылдары аудиториядан тыс ұстазымыздың бсшылығымен «Степной маяк» газетінде «Мы изучаем казахский язык», «Оқжетпес» газетінде «Сүйемін туған тілді, ана тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім» (Сұлтанмахмұт), «Көкшетау» газетінде «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деген айдарлар ұй ымдастырылған. Бағыт сілтеушінің бірі өзі болғандықтан, ұстаздың басшылығымен талай мақалаларымыз жарық көрген. Олар: Гласный звук. Урок 4-ый «Степной маяк» газеті. 1987 г., «Зәрін шашу», «Өнер алды – қызыл тіл», «Оқжетпес» газеті 1994 ж., «Тілмен түйгенді тіспен шешпей ді» «Көкшетау» газеті. 1999 ж. Осы бағыттағы жұмыстар ұстаз болып қалыптасуымзға, ізденуімізге, қаламымыздың төселуіне септігін тигізгені анық. Ж. Мусиннің ұстаздығын, ғалымдығын былай қой ыңыз, бұл сүйегі асыл адамды кәдімгі таптырмайтын, қазына дерсіз. Тпті, кәдеге жараса деп әр уақытта өмір философиясынан да бір үзік сыр айта отыратын. Оның дәлелі – алтын уақытыңды ұтымды пайдаланудың өмір мектебі үй реткен әр түрлі амал-тәсілдерін айтудан, үй ретуден жалықпай тын абзал жан екендігінде. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Пайдасын көре тұра тексермедім» деп жүрмеңдер деуші еді». Жағыпар Мұсаұлы «Тарих және онамастика», «Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», «Қазақ жазуының тарихы», «Қазақ шешендік өнері» сияқты оқулық, оқу құралдарының көптеген ғылыми, әдеби, қоғамдық-саяси мақалалардың авторы. Жағыпар Мұсаұлының ұстаздық үлгі-өнегесін, ғибратын бойларына түйген Жахина Бәрия, Қияқова Раушан, Мұратова Гүлнар бүгіндері жоғары оқу орындарында жемісті еңбек етіп жүр. Жахина Бәрия – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қияқова Раушан – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Мұратова Гүлнар – филология ғылымдарының докторы, профессор. Жәкеңнің тікелей шәкірттері – филология ғылымдарының докторы, профессор, Молғаждаров Қасиет, филология ғылымдарының кандидаты Нұртас Ахат, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Жұмағұлова Өміргүл, гуманитарлық ғылымдар магистрі Мусин Лайс – ұстаздарының ісін әрі қарай жалғастырып, абыройлы қызмет атқарып жүр. Нұртас Ахат қаладағы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің директоры болса, Жұмағұлова Өміргүл Жәкең қалыптастырған қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасын басқарып отыр. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, оның туған ұжымы, шәкірттері барда Жағыпар Мұсаұлының жарқын бейнесі ешқашанда ұмтылмайды!