Call 72-11-12 Write university@shokan.edu.kz Helpline 72-19-56 Написать жалобу Электронная книга жалоб

ҮНДІСТАН АСТАНАСЫ НЬЮ-ДЕЛИ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ ЖӘНЕ ОЙШЫЛЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ МҮСІНІ ОРНАТЫЛДЫ

ҮНДІСТАН АСТАНАСЫ НЬЮ-ДЕЛИ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ ЖӘНЕ ОЙШЫЛЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ МҮСІНІ ОРНАТЫЛДЫ
2 маусымда Нью-Делидің орталығындағы Сан-Мартин Парк алаңында Сауда және интеграция премьер-министрінің орынбасары Бақыт Сұлтановтың, Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхидің, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен мүсіннің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Махатма Гандидің отанында қазақ ағартушысы Абай бюстінің орнатылуы терең символдық мәнге ие. Абай мен Гандидің идеялары, ойлары бір-бірімен тығыз байланысты.
2022 жылдың 21 маусымында медицина жоғары мектебінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Ш.Ш. Оспанова қазақ тілі пәнінің оқытушылары А.О Исина, А.А. Букаева және Г.Ж. Искаковамен бірлесіп, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің медицина жоғары мектебінде білім алып жатқан Үндістан студенттерін Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстырды және «Абай әлемі» атты экскурсия өткізді.
Бұл Үндістаннан келген студенттердің рухани және мәдени дамуына ықпал етеді.
Студенттер Абайдың мұрасы мен шығармашылығына үлкен қызығушылық танытты.

Related news from this category