Call 72-11-12 Write university@shokan.edu.kz Helpline 72-19-56 Написать жалобу Электронная книга жалоб

2022 жылдың 24 маусымында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде тоғызқұмалақтан Азия Кубогінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

2022 жылдың 24 маусымында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде тоғызқұмалақтан Азия Кубогінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Тоғызқұмалақ ойынынан Азия Кубогін ұйымдастырушылар – Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті мен Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне Дүнижүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Президенті Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Мұратұлы Рамазанов, Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің ұжымы мен сайысқа қатысушы 10 мемлекеттің өкілдері қатысты.
Жиында Дүнижүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Президенті Әлихан Бәйменов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, оқу ордамыздың басшысы Марат Сырлыбаев құттықтау сөз сөйледі.
Университет ректоры Марат Сырлыбаев ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау жеделхатын оқыды.
Тоғызқұмалақтан IІ Азия Кубогіне Ауғанстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркия, Түркменстан, Өзбекстан елдерінен келген командалар, сондай-ақ еліміздің құрама командасы қатысуда.
Айта кету керек, тоғызқұмалақтан IІ Азия Кубогі 23-30 маусым аралығында университет базасында өткізілуде.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Other

Related news from this category