Call 72-11-12 Write university@shokan.edu.kz Helpline 72-19-56 Написать жалобу Электронная книга жалоб

2022 жылдың 27 сәуірі күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде...

2022 жылдың 27 сәуірі күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институттың ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай концерттік іс-шара өтті.
Аталған шарада Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Байтук Ғалым Симбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, университет ұжымы мен білім алушыларын айтулы мерекемен құттықтады.
Мерекелік концертте «New Voice» вокальді студиясының талантты әншілері әсем әндерін, «Шаңырақ» домбыра ансамблі Асылбек Еңсеповтің «Әке толғауы» күйін, «Тұмар» ансамблі өзбек ұлтының және испан билерін билесе, С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институттың студенттері жүректі тербеген поэзиясын ортаға салды.
Сондай-ақ жоғары медицина мектебінің студенттері Канагала Шарлин бен Патил Гунвант «Chahun main ya naa» әнімен көпшілікті тамсандырып, аудиторияға тамаша көңіл сыйлады.
Ресми мәліметке сенсек, әлемде 8 миллиардқа жуық адам, 256 ұлт бар екен.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, бүгінде Қазақстан аумағында солардың 125 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады.
Олай болса, Қазақстандағы барша ұлттар мен ұлыстарды елімізде 1996 жылдан бері ресми түрде тойланып келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Other

Related news from this category