Call 72-11-12 Write university@shokan.edu.kz Helpline 72-19-56 Написать жалобу Электронная книга жалоб

2022 жылдың 27 сәуірі күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «6В015 – химия, география мұғалімдерін даярлау»...

2022 жылдың 27 сәуірі күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «6В015 – химия, география мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.
Аталған шарада Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Байтук Ғалым Симбекұлы мен педагогикалық институтының директоры Бексеитова Ақбота Тастанбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында өтетін олимпиадаға екі білім беру бағдарламасы бойынша ҚР 17 жоғары оқу орындарынан 30-ға жуық команда қатысады.
Барлық студенттерге сайыста сәттілік дей отыра, жүзден жүйрік, мыңған тұлпар атануларына тілектеспіз!

Related news from this category