Call 72-11-12 Write university@shokan.edu.kz Helpline 72-19-56 Написать жалобу Электронная книга жалоб

Ш.УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ» ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ш.УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ» ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
2022 жылғы 23 маусымда «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу жобасы аясында Көкшетау қаласындағы «физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқушылары Солтүстік Қазақстан облысындағы озық оқу орындарының бірі Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетіне экскурсия жасады.
Экскурсия барысында білім алушылар университеттің электронды кітапханасы, білім ордасының тарихымен танысты. Мұражай қызметкері М.С.Нурмагамбетова оқушыларға қабырғада ілулі тұрған суреттердің авторларын, идеясын және құндылығын айтып берді.
Одан соң оқушылар Педагогикалық институттың директоры Ақбота Бексеитовамен кездесіп, университеттің оқу бағдарламалары мен әлеуметтік бағыттары туралы толығырақ танысты.
Болашақ студенттер сондай-ақ тарих кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, химия және биология кафедраларының зертханаларымен танысып, білім мекемесі туралы көптеген тың деректер білді.

Other

Related news from this category