Call 72-11-12 Write university@shokan.edu.kz Helpline 72-19-56 Написать жалобу Электронная книга жалоб

UALIKHANOV UNIVERSITY-ДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН SPEAKING CLUB ҚАТЫСУШЫЛАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

UALIKHANOV UNIVERSITY-ДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН SPEAKING CLUB ҚАТЫСУШЫЛАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
2022 жылдың 23 маусымы күні Ualikhanov University-де интернационалдандыруды дамыту шеңбері аясында ағылшын тілінен Speaking Club қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шарада әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Байтук Ғалым Симбекұлы курс қатысушыларын арнайы сертификаттармен марапаттады.
Айта кету керек, 2022 жылдың 18 мамыры мен 24 маусымы аралығында Ualikhanov University-де ағылшын тілінен көктемгі Speaking Club тілдік курсы ұйымдастырылды.
2 айлық курста Жаңа Зеландиядан шақырылған ағылшын тілі пәнінің шетелдік тәжірибелі оқытушысы Эрик Марк Дженсен (Eric Mark Jensen) студенттерге және университеттің қызметкерлеріне келесі деңгейлер бойынша дәріс өткізді:
- Elementary
- Pre-Intermediate
- Intermediate
- Upper-Intermediate
Курста тілдік коммуникация мен ауызекі сөйлеуді дамытуға ерекше көңіл бөлініп, курс қатысушылары силлабуста бекітілген тақырыптар бойынша тілдесіп, аудиторияда презентацияны ұсыну қабілеттерін дамытты.

Other

Related news from this category