Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті 2019 жылы құрылды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің басшысы - Кусаинова Айман Акаевна

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің әдіскері - Аубакирова Бахыт Алимбаевна, Амантай Айнур Аимбекқызы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мақсаты елдің даму перспективаларын ескере отырып, рухани-адамгершілік қасиеттері жоғары, өз бетінше ойлауға және қоғамның прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз етуге қабілетті бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылады.

Ш. Уәлиханов атындағы КУ (бұдан әрі - университет) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды:

1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарларына;

2) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының сыныптаушысына;

3) Жұмыс оқу жоспарларына; ;

4) Академиялық күнтізбеге;

5) жеке оқу жоспарларына;

6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;

7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес даярлайды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары магистратура/докторантураның білім беру бағдарламаларының тиісті топтары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған лицензияға сәйкес іске асырылады. Лицензия алдыңғы білім деңгейін ескере отырып, лицензиялау ережелерінде белгіленген тәртіппен ҚР Ғ және ЖБМ-мен беріледі.

Университет магистратурасында кадрлар даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: бейіндік оқу мерзімі 1 жылдан кем емес және ғылыми-педагогикалық оқу мерзімі 2 жыл.

Бейіндік магистратура экономика, медицина, құқық, білім беру, өнер, қызмет көрсету және бизнес салалары, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салалары, құқық қорғау қызметі үшін терең кәсіби даярлыққа ие басқарушы кадрлар даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Ғылыми-педагогикалық магистратура тереңдетілген ғылыми-педагогикалық даярлығы бар жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми сала үшін ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Бұл ретте магистратураның білім беру бағдарламалары міндетті түрде оқытудың ғылыми-әдіснамалық бағыттылығын және тиісті салада тереңдетілген мамандандырылған даярлықты болжауы тиіс.

Магистратурада оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және шарт негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша ғана жүзеге асырылады.

Магистратурадағы оқуды ғылым докторы немесе кандидаты, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелері, профессор немесе қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атақтары, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі, отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми жарияланымдары бар адамдар жүргізеді.

Таңдаған магистрлік даярлық бағдарламасына бейініне сәйкес келетін немесе оған жақын, жоғары білімнің негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларының бірі бойынша оқуды табысты аяқтаған және жоғары білім туралы дипломы немесе бакалавр дипломы бар тұлғалар магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқу құқығына ие болады. Бакалавр дипломы бар адамдар үшін магистратурада оқу жоғары кәсіптік білімнің жалғасы болып табылады.

Университет деңгейінде магистратураның білім беру процесін үйлестіру мен бақылауды Ш. Уәлиханов атындағы КУ-нің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті жүзеге асырады.

Магистратураға оқуға қабылдау тәртібі

Магистратураға қабылдау 08.06.2020 ж. №237 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдау ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы күнтізбелік жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында жүргізіледі. Магистратураға түсу үшін өткізілетін КТ күнтізбелік жылдың 1-15 тамызы аралығында өткізіледі.

КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

КТ нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталады.

Магистратураға тұлғаларды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктерді магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуы, магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады.

Қабылдау науқаны кезінде Университетте қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ректор болып табылады. Қабылдау комиссиясының құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі. Кадрларды сапалы іріктеу және даярлау үшін ректордың бұйрығымен Конкурстық комиссия құрылады. Қабылдаудың үлгілік қағидаларында регламенттелмеген жағдайларды ЖОО-ның конкурстық комиссиясы дербес қарайды.

Магистранттар қатарына қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүзеге асырады.

"Кіреберісте" магистранттың тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті Пререквизиттер тізімін университет дербес анықтайды.

Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы негізде игеруге немесе бейресми білім туралы сертификат беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда оқу пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі ұйымдастырушылық бірлік институттың/мектептің бітіртуші кафедрасы болып табылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру бітіруші кафедралардың ғылыми зерттеулерінің тақырыбын ескере отырып жүзеге асырылады.

Университет докторантурасында кадрлар даярлау 3 жыл оқу мерзімімен ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми сала үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен пәндерді тереңдетіп оқытуды көздейді.

Докторантурада оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және шарт негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша ғана жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі ұйымдастырушылық бірлік институт/мектептің бітіруші кафедрасы болып табылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру бітіруші кафедралардың ғылыми зерттеулерінің тақырыбын ескере отырып жүзеге асырылады.

Докторантураға қабылдау және оқуға қабылдау тәртібі

Докторантураға қабылдау және оқуға қабылдау тәртібі "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 08.06.2020 ж. № 237 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында жүргізіледі. Кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 17-20 тамызы аралығында өткізіледі.

КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

КТ нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталады.

Университеттің конкурстық комиссиясы ЖОО қажеттіліктерін ескере отырып, үміткерлерге мемлекеттік білім беру тапсырысын беру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

Докторанттар қатарына қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүзеге асырады.

Докторанттар қатарына қабылдар алдында оның тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер тізімін университет дербес анықтайды.

Қажетті Пререквизиттер болмаған жағдайда докторантқа оларды ақылы негізде игеруге не Заңның 5-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес танылуы жүзеге асырылатын бейресми білім туралы сертификат беруге рұқсат етіледі.