Erasmus

2023 жылдың 9 қарашасында Жан Моне модулін енгізуді бастау аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Еуропалық Одақ: мәдени әртүрлілікті және толеранттылықты ілгерілету» жобасының ресми тұсаукесері өтті (Жан Монне модулі «Еуропалық Одақ: Мәдени әртүрлілікті және толеранттылықты алға жылжыту» (EUDIVE) Жоба нөмірі: 101127635). Жоба үйлестірушілері «Серпін» жобалық кеңсенің жетекшісі Исмагулова А.Е., ассистент-профессор Герфанова Е.Ф. және қауымдастырылған профессор Ракишева Г.М. Кездесуге университеттің интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры Ж.О.Сағындықова, академиялық сұрақтар жөніндегі проректор Н.А. Медетов, Халықаралық жобаларды басқару орталығының басшысы А.Е.Орынбаева, университеттің институттары мен мектептерінің өкілдері, кафедра меңгерушілері, оқытушылар қатысты.

Жан Монне модулі еуропалық зерттеулер бойынша қысқа мерзімді оқу бағдарламасы болып табылады. EUDIVE модулі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің білім беру бағдарламаларына еуропалық тәжірибе мен мәдениетаралық әртүрлілік тәжірибесін енгізуге бағытталған.

Кездесуде Жан Монне EUDIVE модулі, оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері туралы қысқаша ақпарат ұсынылып, модульді университеттің білім беру бағдарламаларына енгізу мүмкіндіктері талқыланды.