Екі күн ішінде мерейтой аясында бірқатар іс-шаралар өтті. Студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің оқу және ғылыми салаларындағы жетістіктерінің үлкен көрмесі өтті. Көрме қонақтарына Uniwork жобасы белсенді түрде таныстырылды.

Сонымен қатар, университеттің Мансап орталығының стратегиялық жоспарына сәйкес TEMPUS 2013 UNIWORK жобасы аясында экономикалық мамандықтар түлектерінің кездесуі ұйымдастырылды. Олардың арасында "Казкоммерцбанк" АҚ Шағын және орта бизнесті несиелеу бөлімінің бастығы Данияр Қайратұлы Әсенов, "Цесна Банк" АҚ Ақмола филиалы директорының орынбасары Қанат Жанатұлы Бекенов, Қазақстан Халық Банкі Ақмола облыстық филиалының директоры Гүлнара Мағжанқызы Хусаинова және басқалар болды.

Олар студенттерге өздерінің жетістіктері, мансаптарын қалай құрғаны туралы мастер-класс өткізді.