2016 жылғы 10-11 наурыз аралығында Бұхара мемлекеттік университетінде (Өзбекстан, Бұхара қ.) TEMPUS 2013 UNIWORK жобасы аясында Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мәселелері бойынша "Өңірлік форум" өтті: түлектердің жұмысқа орналасу және сапалы жұмыспен қамтуды құру мүмкіндіктерін кеңейту үшін Орталық Азия жоғары оқу орындарындағы Мансап орталықтарын нығайту. Форумға Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Қазақстанның 9 студенті қатысты. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен жаратылыстану ғылымдары факультетінің 4 курс студенті Манапов Дархан қатысып, университеттегі "Автоматтандырылған жүйе-экологиялық қалашық" тақырыбында "Инновациялық UNI-startup" бизнес-жоспарлар байқауының жеңімпазы атанды.

Бизнес-жоспарлар байқауының негізгі мақсаты - студенттер арасында кәсіпкерлік және бизнес-модельдеу дағдыларын қалыптастыру және ынталандыру. Байқау екі кезеңде өтті, онда студенттер бизнес-жоспар құрып, өз идеяларын тиімді ұсынуы тиіс еді.

Бірінші кезеңде қатысушылар өз жобаларын 5 минут ішінде презентациясыз ауызша ұсынды.

Екінші кезеңде бизнес-жоспар туралы плакаттарды қорғау өтті.

Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар халықаралық сертификаттармен марапатталды.