2015 жылғы 18 наурызда 544126-TEMPUS-1-2013-1-ES-TEMPUS-JPHES TEMPUS 2013 UNIWORK "Түлектердің сапалы жұмыс орындарын алу және құру мүмкіндіктерін кеңейту үшін Орталық Азия жоғары оқу орындарында кәсіптік бағдарлау орталықтарын күшейту» жобасы бойынша мониторинг өткізіледі.

Мониторингке Еуропа мен Қазақстанның жоба бойынша әріптестері - Аликанте университеті (Испания), Т. Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық университет, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, "Сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындар қауымдастығы" ЗТБ, сондай-ақ Орталық Азияның серіктестері қатысады. Мониторинг процесінде жоғары оқу орындары мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, түлектерді жұмысқа орналастыруға тиімді жәрдемдесудегі жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру және Темпус Болон қағидаттары мен басымдықтарына сәйкес студенттер арасында кәсіпкерлік мәдениетін арттыру, кәсіптік бағдарлау орталықтарының ұйымдастырушылық әлеуетін күшейту, студенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту туралы мәселелер қамтылатын болады.