2015 жылғы 29 қыркүйек-2 қазан аралығында академик М. Осими атындағы Тәжік Техникалық Университетінің Худжанд политехникалық институтында (Худжанд қ., Тәжікстан) Tempus 2013 UNIWORK жобасы аясында еуропалық серіктес университеттердің (Ұлыбритания, Австрия және Испания) профессорлары мен Орталық Азия елдерінің мансап орталықтары қызметкерлерінің қатысуымен "Мансап орталықтары мен студенттер: жұмыс орындарын дайындау және тағылымдамалар" тақырыбындағы семинар-тренингі өтті.

Осы тренингте еуропалық серіктес университеттер өздерінің университеттерінің мысалында жұмыс орындарын дайындау және мансап орталықтарының тағылымдамалары туралы айтты. Шеффилд университетінің қызметкері Сара Пэйтс Студенттік қызмет, зерделеу және оқыту стратегиясы, жұмысқа орналасу стратегиясы және мансаптық кеңес беру қызметі бөлімі, тағылымдамалар және Шеффилд университетіндегі Мансап орталығының студенттерге қолдау көрсету (студенттер қызметтерге қалай қол жеткізе алады) туралы айтты. Рене Шензели Биргит Бурбок университетте тағылымдамадан өту туралы тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын таныстырды. Аликанте университетінің Мансап орталығының жетекшісі Виктор Клаймент студенттердің қызметі, академиялық тьюторлардың рөлі, университеттегі тағылымдамалар туралы айтты. Семинардың бірінші күні барлық қатысушылар академик М. Осими атындағы Тәжік Техникалық Университетінің Худжанд политехникалық институтындағы Мансап орталығына барды.

Академик М.Осими атындағы Тәжік Техникалық Университетінің Худжанд политехникалық институты, Бішкек Қаржы және экономика академиясы (Қырғызстан), Түркімен мемлекеттік экономика және менеджмент университеті (Түрікменстан), Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті (Қазақстан), сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің (Қазақстан) Мансап орталықтарының қызметкерлері TEMPUS 2013 UNIWORK жобасын іске асыру кезінде атқарған жұмыс тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Семинарға қатысушылар еуропалық университеттердің жаттықтырушыларына сұрақтар қойып, түрлі топтық, практикалық тапсырмаларды орындады. Тренинг соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.