Университеттің ғылыми қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын, "Қазақстан-2050" Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Ақмола облысының аумақтарды дамыту бағдарламасын, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 2021-2023 жылдарға арналған "Ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл" бағыты бойынша Дамыту бағдарламасын және басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған.

Ғылыми-зерттеу жұмысы (бұдан әрі - ҒЗЖ) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы "Ғылым туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу қағидаларына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" № 381-V Заңына сәйкес жүргізіледі.

nauka@shokan.edu.kz

25-56-05