Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті-Ақмола облысының жетекші ЖОО, 62 жылдан астам уақыт бойы өңірдің жоғары білім беру жүйесінде шешуші рөл атқарды. Өзінің қызмет еткен жылдары университет Қазақстан экономикасының түрлі салалары үшін 50 мыңнан астам жоғары білікті мамандар дайындады.
Университет келесі жылы өзін қоғамның өмір сүру сапасын жақсарту үшін аймақтық экономикаға жаһандық технологияларды енгізетін инновациялық деп санайды.
Университеттің білім беру портфелінде - 74 бакалавриат бағдарламасы, 42 магистратура бағдарламасы, 10 докторантура бағдарламасы және 1 резедентура бағдарламасы бар.
Университет Erasmus+ KA1 ICM, Erasmus+ KA2 CBHE бағдарламалары, UniCen американдық жобалары және Interlinks Британдық жобасы аясында халықаралық білім беру және ғылыми жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Академиялық ұтқырлықты, халықаралық ынтымақтастықты және қос дипломды білім беру бағдарламаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Университеттің ғылыми әлеуеті артып келеді: 2025 жылы 16 оқытушы PhD докторы академиялық дәрежесін иеленді, 12 ғалым “Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті, 9 жас ғалым мемлекеттік бастамасы аясында ғылыми жобаларды іске асыруда. ЖОО-ның ғылыми жобаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 2025 жылы бір жарым миллиард теңгені құрады.
Университет QS Central Asia Rankings рейтингінде 46-орында, QS Asia Rankings рейтингінде 781–790-орындар аралығында,UI GreenMetric World University Ranking 2026 халықаралық экологиялық рейтингінде 1052-орында және THE Impact Rankings 2026 жаһандық рейтингінде 1001-орында тұр.