Құрметті оқырмандар!

Мен сіздермен ашық виртуалды диалогта өз идеяларым мен ойларыммен бөлісу, университеттің жетістіктері туралы айту, біздің ұйымның проблемалары мен әлсіз жақтарын талқылау үшін жеке парағымды ашамын. Мен үшін жоғары оқу орнының жұмысын жақсарту бойынша Сіздің пікіріңіз бен кеңестеріңіз өте маңызды. Сіздердің сұрақтарыңызға мемлекеттік білім беру саясаты аясында жауап беруге тырысамын.

Университет қызметінің барлық бағыттары - білім беру, ғылыми, әлеуметтік-мәдени, шаруашылық бойынша пікірлер мен қызықты ұсыныстар үшін ризамын.

Осыған байланысты сіздерге менің шешім қабылдай алатынымды, маған берілген заңды-құқықтық шеңберде іс-әрекеттер жасай алатынымды жеткізгім келеді. Менің жеке блогымның жұмысы барлығына тиімді болады және қойылған міндеттерге қол жеткізуге әсер етеді деп сенемін. Біздің қарым-қатынасымыз 24/7 форматында өтуі мүмкін екенін атап өткім келеді.

Құрметпен, ректор Сырлыбаев Марат Қадырұлы

Сырлыбаев Марат Кадирович

Ректордың поштасы