Университет ректоры аппаратының басшысы (Chief of Staff) — бұл ректордың шешімдері мен тапсырмаларының тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орнының әкімшілік-басқару аппаратының қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыратын негізгі әкімшілік менеджер. Міндеттеріне орындаушылық тәртіпті бақылауды ұйымдастыру, проректорлардың, декандардың және құрылымдық бөлімшелер басшыларының басшы бұйрықтары мен өкімдерін орындау мерзімдері мен сапасын қадағалау кіреді. Ректорат мәжілістері мен ресми іс-шаралардың дайындығын үйлестіреді, ректордың университет қызметкерлерімен жедел өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ректордың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен, бизнеспен және сыртқы серіктестермен өзара іс-қимылда білім беру ұйымының мүдделерін білдіреді.

Жеке деректер: филология ғылымдарының кандидаты (2009), тіл білімі доценті (2010), ҚР ПҒА корреспондент-мүшесі.

Ғылыми қызығушылықтар аясы – мәдениетаралық коммуникация, этнотілдік байланыстар, салғастырмалы тіл білімі, персонология, социолингвистика, шетел тілдерін оқыту әдістемесі. Ғылыми жетекшісі - ф.ғ.д., профессор Н.Ж. Шаймерденова.

Халықаралық академиялық және ғылыми қызмет (тағылымдамалар, гранттар, ұтқырлық): ГФР (1997-1998, 2009, 2014, 2019, 2021, 2025), Дания (2011), Польша (2013), Грузия (2014), Ұлыбритания (2016), Венгрия (2017), Чехия (2018), Бельгия Корольдігі (2018), Ресей Федерациясы (2018, 2022, 2026), Түркия (2023), Армения (2023), АҚШ (2025).

ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017» мемлекеттік грантының иегері. Педагогикалық жұмыс өтілі: 27 жыл.

ҚР ҒЖБМ ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру жобаларының екі дүркін жетекшісі (2021-2023, 2025-2027).

100-ден астам ғылыми еңбектің авторы және тең авторы, Хирш индексі – 3.

Ақмола Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ төрағасының орынбасары. «Қазақстандық немістердің республикалық этномәдени бірлестігі» ҚҚ сарапшылық тобының мүшесі.