Докторантура - жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогикалық және (немесе)кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған
Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар ұсынады:
Шекті балл: кемінде 5.0
Шекті балл: кемінде 35
Шекті балл: кемінде 417
Шекті балл: кемінде 550
Шекті балл: кемінде 80
B1 деңгейі
B1 деңгейі
Оқу және тыңдау секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес
B1 деңгейі
B1 деңгейі
B1 деңгейінен төмен емес
Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын университет өз бетінше өткізеді.Докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде-жоо-да білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары құрылады.Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары тиісті бейін бойынша ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖОО-ның және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.Білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурстық негізде кешенді тестілеу және (немесе) түсу емтихандарының сомасы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады: кемінде 100 балл. Докторанттар қатарына қабылдауды докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханының қорытындысы және шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын сертификат бойынша ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.ЖОО-ға қабылдау кезінде докторанттар білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын дербес таңдайды.Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша адамдарды философия докторларын (PhD) нысаналы даярлауға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.