Университет туралы
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті - Ақмола облысының жоғары білім беру жүйесінде 60 жыл көшбасшы. Осы жылдар ішінде университет өңір мен жалпы ел үшін мыңдаған маман даярлады. Оқыту бакалавриаттың 58 білім беру бағдарламасы, магистратураның 42 бағдарламасы, докторантураның 10 бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Университет халықаралық және республикалық бағдарламалар шеңберінде бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды үйлестірумен, әзірлеумен және іске асырумен айналысады: Erasmus+ KA1 ICM, Erasmus+ KA2 CBHE, UniCen, ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік гранттар. ЖОО 2022 жылғы THE Impact Ranking рейтингісіне сәйкес жекелеген көрсеткіштер бойынша әлемнің 200 университеттердің қатарында және QS Central Asia-2023 халықаралық рейтингісінің 29-шы орнында.
