КІТАПХАНА МИССИЯСЫ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің кітапханасы университет ортасында зияткерлік даму үшін оқытуға, шығармашылыққа, кәсіпкерлік және ғылыми мәдениетті жетілдіруге ықпал етеді.
ВИДЕНИЕ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің кітапханасы - университеттің ғылыми, білім беру, ақпараттық, коммуникативтік және әлеуметтік-мәдени ортасын тарту орталығы.
Кітапхана тарихы
Кітапхана тарихы Ш. Уәлиханов атындағы университеттің білім беру және даму тарихымен тығыз байланысты. 1962 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының ашылуымен кітапхана тарихы басталды.
Бірінші кітап қоры сый қоры болды, ол төрт жүз кітаптан тұрды. Көптеген оқу орындары кітап алмасу тәртібімен өз кітапханаларының қорларынан кітаптарды сыйға тартты. Әр жылдары кітапхананы кәсіпқой мамандар басқарды. 1967 жылдан бастап әдебиеттерді өңдеу бөлімі мен библиография бөлімі ашылды.
1979 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалының құрылуымен бірге АШИ корпусында оқу залы мен абонемент ашылды. Кітапхананың қолданыстағы қорын жаңа әдебиеттермен толықтыру жүзеге асырылды. 1984 - 2007 жыл аралықта бүкіл қор ӘОЖ-ден КБЖ-ге ауыстырылды. 2012 жылы кітапхана процестерін автоматтандыруға арналған модульдері бар КАБИС автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі енгізілді. Сонымен қатар оқу әдебиеттерін штрихкодтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Заманауи кітапхана- ақпарат, білім және мәдениет орталығы. Өңір мен ел үшін сапалы білім алуға және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жәрдемдеседі. Кітапхана кітап қорына ғылыми негізделген, толық және жедел ағымдағы және ретроспективті жинақтауды жүргізеді, оқырмандардың әдебиетке деген сұраныстарын, оны үйге беру, кітапхананың ақпараттық ресурстарын ұсыну және пайдалану, білім алушылар, ОПҚ және зерттеушілер үшін мәдени-бұқаралық бағдарламалар жүргізу арқылы қанағаттандыруды жүзеге асырады. Білім беру және ғылыми-зерттеу процесінде туындайтын барлық оқу топтарының сұраныстарын қанағаттандырады.
Кітапхананың бірегейлігі - оның қоры, ол 735000-нан астам оқу және ғылыми әдебиеттерді сақтау бірлігін және 19 ғасырда қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерінде басылған 104 данадан тұратын сирек қорды құрайды. Бүкіл қордың негізгі бөлігін энциклопедиялар, сөздіктер мен анықтамалықтар құрайды.
Также ежегодно фонд пополняется периодическими изданиями, авторефератами и диссертациями, методическими пособиями, библиографическими указателями на печатных и электронных носителях. Электронный каталог пополнился 5000 отсканированными электронными ресурсами. С целью оцифровки всего фонда был приобретен книжный сканер CZUR(серия М3000 Pro). В 2020 году была приобретена коллекция электронно-библиотечной системы «Эпиграф», которая состоит из 1500 наименований, учебников и учебных пособий по всем направлениям подготовки и 33 мультимедийных учебников по направлениям: психология, казахская филология, медицина, биология, математика, учет и аудит, история, бизнес и права, менеджмент, строительство, химия и другие.
Кітапхана қорында Ш. Уәлиханов атындағы КУ ғалымдарының еңбектері ерекше орын алады. "Ш. Уәлиханова атындағы КУ ғалымдары" репозиторийі жұмыс істейді, ішінде университеттің атақты ғалымдарының еңбектері бойынша цифрланған материалдар жинақталған.
Университеттің бес оқу ғимаратында оқу залдары мен абонемент жұмыс істейді. Медицина жоғары мектебінің электрондық оқу залында электрондық базаларға қолжетімділік және үш тілдегі әдебиеттер топтастырылған. Кокрейн кітапханасының (Cochrane Library) деректер базасының мазмұнына 12 айға жазылым сатып алынды, оның ішінде CDSR жүйелі шолуларының ДБ, CENRAL клиникалық сынақтарының орталық тізілімі, CCA Кокрейн клиникалық ұсыныстары берілген. Сонымен қатар, жоғары медицина мектебінің білім алушылары электрондық деректер базасын белсенді пайдаланады. Кітап қоры үнемі жаңа оқу әдебиеттерімен толықтырылып отырады.
Бас ғимаратта заманауи электронды оқу залы жұмыс істейді. Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің мүшесі және Reading Club жобасының негізін қалаушы Азамат Утенов оқу залының қорына студенттер арасында үлкен сұранысқа ие 184 кітап сыйға тартты.
Барлық оқу залдарында Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананың сыртқы электрондық ресурстарына, "ПАРАГРАФ" ақпараттық жүйесіне, Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханаға және басқа да ғылыми ақпарат базаларына қолжетімділік қамтамасыз етілген. Университет кітапханасының электрондық ресурстарына қол жеткізу "КАБИС" бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. "КАБИС" электронды каталогы - бұл кітапхана қорының құрылымын оңай шарлауға және көп қырлы ақпаратты іздеуге мүмкіндік беретін мобильді іздеу жүйесі. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған сымсыз Bluetooth технологиясы бар Focus 14 Blue ультра портативті брайль дисплейі бар JAWS бағдарламасы қолданылады.Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде гуманитарлық - техникалық және медициналық бағыттар бойынша отандық цифрлық оқулықтар мен оқу құралдарының базасына онлайн қолжетімділігі бар, техникалық қолдауымен және call-орталығымен "АкnurPгеѕѕ" цифрлық кітапханасы сатып алынды. Кітапхана күн сайын жаңартылып, жаңа басылымдармен толықтырылып отырады, сондай-ақ базада әртүрлі пәндер бойынша отандық ғылыми мақалалар бар.
Кітапхананы одан әрі дамыту үшін лицензияланған электрондық ресурстарға жазылу және электрондық кітапхананың жаңа коллекцияларын, оның ішінде отандық және шетелдік авторлардың мультимедиялық оқулықтарын сатып алу және енгізу және кітапхана процестерін басқаруды автоматтандыру есебінен кітапхананың әлеуетін кеңейту жоспарланған.
Ualikhanov University кітапханасының жетекшісі гуманитарлық ғылымдар магистрі Аниева Нургуль Галымовна.
Байланыс нөмірі: 87784695217
Жұмыс телефоны: 40-26-83
E-mail: library@shokan.edu.kz
Мекен жайы: Темирбекова, 30