Ғылыми-зерттеу, оқу және тәрбие қызметіне көмек ретінде пайдаланушыларға ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

Сектордың негізгі міндеттері:

кітапхана қоры, электрондық ресурстар туралы ақпаратты пайдаланушыларға, оның ішінде жаңа түсімдер туралы ақпаратты жеткізу мақсатында ақпараттық іс-шаралар кешенін өткізу;

Кітапхана пайдаланушыларына анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету университет

Ақпараттық сұраныстарға сәйкес кітапхана пайдаланушыларына университеттің интернет ресурстарына, электронды каталогына, электронды ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Ақпараттық-библиографиялық процестер және цифрландыру секторы №2 корпуста, Темірбеков, 30, 110 кабинетте орналасқан. Оқырмандарға виртуалды қызмет көрсету WhatsApp нөмірі арқылы жүзеге асырылады: 87052563865

Ақпараттық-библиографиялық процестер және цифрландыру секторының жетекшісі: Искакова Салтанат Есентаевна

Электрондық ресурстарды ұйымдастыру және сақтау жөніндегі бағдарламашы: Звольская Валерия Викторовна

Ғылыми зал

Ш. Уәлиханов атындағы КУ кітапханасының ғылыми залы №2 ғимараттың 324 кабинетінде орналасқан.

Ғылыми залдың негізгі функциялары:

авторефераттармен және диссертациялармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге кеңес беру;

- ғылыми-зерттеу жұмысы үшін ақпаратты таңдау және ұсыну (дәстүрлі қорға және кітапхананың электрондық ресурстарына қол жеткізу: ашық, жазылып алынған сыртқы толық мәтінді электрондық деректер базасы);

сирек қор коллекциясына ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- сирек кездесетін қорды, авторефераттарды насихаттау және цифрландыру;

- КБЖ және ӘОЖ индекстерін тағайындау;

- Зерттеушілерге виртуалды қызмет көрсету WhatsApp нөмірі бойынша жүзеге асырылады: 87052563865

Жұмыс уақыты: 9.00-18.00, түскі ас 13.00-14.00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі