Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Үздіксіз білім беру институты – өмір бойы білім алу (Lifelong Learning) тұжырымдамасын іске асыруды қамтамасыз ететін және азаматтардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасайтын университеттің құрылымдық бөлімшесі.

Институт келесі бағыттар бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:

  • біліктілікті арттыру бағдарламалары;
  • педагогикалық қайта даярлау бағдарламалары;
  • формальды және бейресми білім беру бағдарламалары;
  • Executive MBA (ЕМВА) магистратурасының білім беру бағдарламасы;
  • дайындық бөлімі;
  • Күміс университет.

Қызметінің негізгі бағыттары

  • заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
  • біліктілікті арттыру және педагогикалық қайта даярлау курстарын ұйымдастыру;
  • дайындық бөлімінің тыңдаушыларын оқыту;
  • ЕМВА магистратурасының білім беру бағдарламасын іске асыру;
  • бейресми білім беруді және аға буын азаматтарын оқыту бағдарламаларын дамыту;
  • халықаралық жазғы мектептерді, семинарларды, тренингтерді, форумдар мен конференцияларды ұйымдастыру;
  • отандық және шетелдік білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ халықаралық сарапшылармен ынтымақтастықты дамыту.

Институттың қызметі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, кәсіби құзыреттерді дамытуға, заманауи білім беру технологияларын енгізуге және азаматтардың әртүрлі санаттары үшін өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Байланыс ақпараты

«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚҮздіксіз білім беру институты

📍 Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 76, бас корпус, 321-кабинет

☎ +7 (7162) 25-14-11

🌐 https://shokan.edu.kz