Дайындық бөлімінің аға әдіскері
Дайындық бөлімі — «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ Үздіксіз білім беру институтының құрылымдық бөлімшесі.
Бөлімнің мақсаты
Тыңдаушыларды Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге даярлау, қажетті академиялық және тілдік дағдыларын дамыту, Қазақстандағы білім беру ортасына бейімделуіне қолдау көрсету.
Кімдер оқуға қабылданады
Дайындық бөліміне Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері қабылданады.
Оқуға түсу тәртібі мен мерзімдері
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар
Қазақстан Республикасының азаматтары: оқуға қабылдау туралы өтініш; жеке басын куәландыратын құжат; білімі туралы құжат және оған қосымша; 075/у нысанындағы медициналық анықтама.
Шетел азаматтары және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері: оқуға қабылдау туралы өтініш; жеке басын куәландыратын құжат; білімі туралы құжат және оған қосымша; құжаттар шет тілінде болса, нотариалды куәландырылған аудармасы; үміткер тұратын елдің денсаулық сақтау жөніндегі ресми органы берген медициналық анықтама; ұлтын растайтын құжаттың қазақ немесе орыс тіліне аудармасы.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқуға қабылданғаннан кейін белгіленген тәртіппен танылады.
Оқу нысаны мен тілі
Оқу күндізгі нысанда қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Нормативтік негіз
Қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген, өзгерістері мен толықтырулары бар Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Талапкерлерге арналған байланыс
Оқуға түсу және құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша Дайындық бөлімінің аға әдіскерімен WhatsApp арқылы тікелей байланысуға болады: +7 702 908 58 88.
Калина Асем Серікқызы — Дайындық бөлімінің аға әдіскері.Мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 76, № 1 корпус.