«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ Үздіксіз білім беру институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №110 «Педагогикалық қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларын жүзеге асырады.
Курстар жоғары білімі бар, педагогикалық білімі жоқ және тиісті бейін бойынша педагогикалық қызметті алғаш рет бастайтын тұлғаларға арналған.
Оқудың артықшылықтары
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес оқыту
- Барлық білім беру бағдарламалары Жоғары білімнің бірыңғай платформасының (ЖББП) білім беру бағдарламалары тізіліміне енгізілген
- Оқу мерзімі – 6,5 ай
- Бағдарлама көлемі – 40 академиялық кредит (1200 сағат)
- Міндетті педагогикалық практика
- Қорытынды аттестаттау
- Оқуды сәтті аяқтаған тыңдаушыларға педагогикалық қайта даярлау курсынан өткені туралы мерзімсіз сертификат беріледі
Білім беру бағдарламалары
- Мектепке дейінгі білім берудің педагогикасы мен әдістемесі;
- Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі;
- Әлеуметтік педагогика, инклюзивті білім беру тьюторы;
- Математика;
- Физика;
- Дене шынықтыру және спорт;
- Ағылшын тілі;
- Химия;
- География;
- Биология;
- Информатика және робототехника;
- Тарих;
- Қазақ тілі мен әдебиеті;
- Көркем еңбек.
Қажетті құжаттар тізімі
Оқуға түсу үшін төмендегі құжаттар ұсынылады:
- университеттің Басқарма Төрағасы – Ректорының атына өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білім туралы құжаттың қосымшасымен бірге көшірмесі;
- 3×4 көлеміндегі екі фотосурет;
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама.
Байланыс ақпараты
Үздіксіз білім беру институты
📍 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 76, бас корпус, 321-кабинет
☎ +7 (7162) 25-14-11