Ш. Уәлиханов атындағы КУ кітапханасы -білімді, мәдениетті, рухани қарым-қатынасты таратудың заманауи орталығы, өзінің 60 жылдан астам уақыт ішінде жинақталған бірегей қоры, дамыған ақпараттық технологиясы, оқырмандар үшін қолайлы жағдайлары, білікті мамандардан тұратын ұжымы бар. Кітапхана №2 ғимаратта, Темірбеков, 30 мекенжайында орналасқан. Университеттің бес оқу ғимаратында оқу залдары мен абонемент жұмыс істейді. Кітапхана құрылымында 4 сектор бар.

Кітапхана құрылымы:

  1. 1. Оқырмандарға қызмет көрсету секторы
  2. 2. Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу секторы
  3. 3. Ақпараттық-библиографиялық сектор
  4. 4. С. Сәдуақасов атындағы аграрлық-техникалық институттың оқырмандарға қызмет көрсету секторы