С. Сәдуақасов атындағы Аграрлық-техникалық институтының кітапханасы – Ш.Уәлиханов атындағы КУ кітапханасының құрамдас бөлігі. Кітапхана оқытудың барлық түрлері бойынша пайдаланушыларға, оқытушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсетеді.

Негізгі міндеттері:

  1. оқырмандарға олардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес әдебиеттермен толық және жедел кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету;
  2. Ш. Уәлиханов атындағыи КУ оқу жоспарларына сәйкес бөлім қорын қалыптастыру;
  3. кітапхананың кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету;
  4. ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

Қазіргі уақытта оңтайландырудан кейін кітапханада екі бөлім жұмыс істейді: абонемент және оқу залы. Үйге әдебиет беру абонементте жүргізіледі. Оқу залдарында әдебиеттерді алып кету құқығынсыз пайдалануға болады.

Абонемент

Абонемент бөлімі № 5 корпустың үшінші қабатында орналасқан (304 каб) (Қуанышев көшесі, 170). Мұнда оқулықтар мен оқу құралдарын, ғылым классиктерінің, қазіргі заманғы отандық және шетелдік ғалымдардың жинақтарын, сондай-ақ білімнің барлық салалары бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ғылыми-көпшілік әдебиеттерді алуға болады. Бір айға, семестрге немесе бүкіл оқу жылына. Қажет болса, пайдалануды ұзартуға болады. Қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиет қоры бар.

Байланыс деректері:

Қызмет көрсету секторының жетекшісі: Сердобинцева Ирина Владимировна

Байланыс нөмірі: 87016465729

E-mail: ISerdobintseva@shokan.edu.kz

№ 3 оқу залы

№ 5 ғимараттың екінші қабатында орналасқан (каб.204), (Қуанышев к-сі, 170). Оқырмандардың қызметтеріне жаратылыстану, ғылым, өнер, техника, педагогика, психология, денсаулық сақтау және спорт, тіл білімі және т.б. бойынша оқу, ғылыми және танымал әдебиеттер ашық қорда қолжетімді. Залда атаулы оқиғалар мен мерейтойлық күндерге арналған көрмелер, жаңа түсімдерді таныстыру тұрақты түрде жүргізіледі. Зал қызметкері студенттер мен оқытушылармен бірлесіп түрлі мәдени-білім беру бағдарламаларын өткізеді.

Оқу залының кітапханашысы: Тасанова Аида Нурлановна

Байланыс нөмірі: 87779564236

Е-mail: atasanova@shokan.edu.kz

Жұмыс уақыты:

дүйсенбі-жұма: сағат 09.00-18.00

түскі ас 13.00-14.00

Демалыс күні - сенбі, жексенбі.