ҚР ДСМ гранттық қаржыландырудың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалары бойынша ақпарат

1) гранттық қаржыландыру 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру (іске асыру мерзімі - 36 ай)

Жоба туралы қысқаша ақпарат

Жоба атауы

ИРН AP23490379 Есіл-Сілеті тарихи-географиялық аумақ тұрғындарының тұрмысы мен мәдениеті: этноархеологиялық зерттеу

Жоба жетекшісі

Жанисов А.Т.

Іске асыру мерзімдері

2024-2026

Қаржыландыру сомасы

Жалпы сомма – 88796,1 мың теңге.

Соның ішінде: 2024 ж. – 29455,17 мың теңге;

2025 ж. – 29685,48 мың теңге ;

2026 ж. – 29655,45 мың теңге.

Өзектілігі

Жобаның идеясы Қазақстанның солтүстік өңірлеріне кіретін Есіл-Сілеті тарихи-географиялық аумағын мекендеген ерте көшпелілердің ескерткіштерін қазіргі қазақ халқының тұрмыстық, шаруашылық мәдениетіндегі кейбір ерекшеліктерімен сабақтастыра отырып зерттеу және жаңа тұжырымдар жасау.

Жаңа тұжырымдаманың негізін екі хронологиялық кезеңдегі ескерткіштердің археологиялық деректері құрайды. Олардың қатарына сақтардың қоныс нысандары мен қазақтардың этнографиялық кезеңдегі қыстау қоралары кіреді. Жобаның мақсаты жаңа деректерді ала отырып, Есіл-Сілеті аумағын мекендеген халықтың ерте темір дәуірінен бастап жаңа заманға дейінгі тұрмыстық мәдениетінің даму, өзгеру динамикасы мен сақбақтастығын жаңа көзқаратастар тұрғысында талдау.

Мақсаты

Есіл-Сілеті тарихи-географиялық аумағын мекендеген байырғы тұрғындардының қоныс түріндегі ескерткішетірін зерттеу арқылы аймақтың ерте етмір дәуірі және қазақ қыстауларының материалдары негізінде осы өңір тұрғындарының тұрмысы мен мәдени өмір салтын терең ұғынып, палеоэкономикалық реконструкциялар жасауға мүмкіндіктер беретін материалдардың алғашқы тобын алу, оларды ғылыми айналымға енгізу.

Жоба нәтижелері

Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдбитеттер, архивтік деректер топтастырылады. Тақырыптың зерттелу тарихы, тарихи-этнографиялық сабақтастығы жөнінде ғылыми қорытындылар жасалады.

Солтүстік Қазақстан сақтарының материалдық мәдениеті жайлы бірегей жәдігерлер туралы ғылыми-ақпараттық мәліметтер жиналып, жүйеленеді және тарихи-мәдени атрибуциясы жасалады.

Далалық зерттеулер барысында сақ қонысы мен қазақ қыстауларында кемінде 100 шаршы метр стратиграфиялық қазба салынады.

Сонымен қатар оба, қорым, қоныс, қыстаулардың тарихи-топографиялық құрылымдары зерттеліп, фотограмметрия әдісімен аумақтың жер бедерінің цифрлық картасы, 3D кескіндемелері жасалады. Жобаның бұл нәтижесі ескерткіштерді ақпараттық кеңістікте зерттеуге, насихаттауға, туристердің қызығушылығын арттыруға және басқада әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға пайдалануға мол мүмкіндіктер береді.

Органикалық заттар негіздегі кешенді пәнаралық зерттеу нәтижесінде жаңа деректер алынып, тың ғылыми тұжырымдар жасалады. Органикалық қалдықтар бойынша (кемінде 12 үлгіден) радикөміртегілік талдау қорытындысы алынады. Осы арқылы ескерткіштің нақты мерзімі белгіленеді. Тас құралдар (кемінде 50 бірлік) бойынша тросологиялық және қыш ыдыстарға керамологиялық талдаулар жасалады. Қазба кезінде табылған жануар сүйектері бойынша архезоологиялық зерттеулер арқылы өңірдегі шаруашылық ахуалы жөнінде ғылыми қорытындылар беріледі.

Зерттеулердің басты нәтижелерін топтастыра отырып Есіл-Сілеті өңірін мекендеген сақтардың қонысы мен қазақ қыстауларының тарихи-этнографиялық негіздегі реконструкциясы жасалады.

Жоба нәтижелерін жариялауға арналған болжамды басылымдар:

- ҒЖБССҚК ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жарияланады;

- Social Science Citation Index индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланады.

- Ғылыми конференция жинақтарында 1 (бір) мақала жарияланады.

- Бағдарлама жетістіктері мен тың жаңалықтарын таратып, насихаттау мақсатында БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде кемінде 2 танымдық ақпарат жарияланады.

Ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу:

- Зерттеудің ғылыми қорытындылары бойынша арнайы жобалық құжат дайындалып, зияткерлік меншік құқығын растайтын авторлық куәлік алынады.

Әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастықтары және қалың жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату:

Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелерін, мақалаларды әртүрлі білім беру саласында қосымша материал түрінде, ғылыми зерттеулер үшін дерек көз ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраларды музей арқылы насихаттаудың кешені ретінде пайдалануға болады. Мұндай тәжірибенің әлеуметтік әсері мол және Қазақстандықтардың төл тарихын танып, ұлттық мақтаныш сезімін арттыруға, отансүйгіштікті қалыптастыруға септігі мол.

Жобаны орындау барысында алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушысы – ғылыми орта, ал білім беру, мәдениеттану, ескерткіштерді қорғау саласы қосалқы тұтынушылары болып табылады. Жұмыстың нәтижелерін әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар ортасы және көпшілік қауым арасында бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі, мақалалар мен тақырыптық көрмелер жасақтау арқылы дәстүрлі жолмен таратылатын болады.

Жобаның әлеуметтік-экономикалық нәтижесі – тарихи мұраларды зерттей отырып, музей қорындағы жәдігерлерді ғылыми айналымға шығару арқылы оның көпшілікке қолжетімділігін арттыру.