19. ИРН AP23488158 Солтүстік Қазақстан тұрғындарының полиэтникалық құрамының қалыптасу тарихы мен ұлт құрылысы процесі (ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ.) (Утегенов Марат Зеннатович)
ҚР ДСМ гранттық қаржыландырудың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалары бойынша ақпарат
1) гранттық қаржыландыру 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру (іске асыру мерзімі - 36 ай)
Жоба туралы қысқаша ақпарат
Жоба тақырыбы
ИРН AP23488158 Солтүстік Қазақстан тұрғындарының полиэтникалық құрамының қалыптасу тарихы мен ұлт құрылысы процесі (ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ.).
Жоба жетекшісі
Утегенов Марат Зеннатұлы
Іске асыру мерзімдері
2024-2026жж.
Қаржыландыру сомасы
87 368 219 мың. теңге.
Өзектілігі
Қазіргі таңда Қазақстан тәуелсіздігін алып, мемлекеттілігін қалпына келтіргеннен кейін, күн тәртібінде ұлт бірегейлігін қалыптастыру міндеті тұр. Осыған байланысты өңірлердегі тұрғындардың полиэтникалық құрамының тарихы мен ұлт құрылысы процессін талдау, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған ұлттық саясатты жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға ғылыми негізделген нұсқаулықтар мен ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Мақсаты
Жобаның мақсаты - ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. аралығында Қазақстанның солтүстігіндегі тұрғындардың полиэтникалық құрамының қалыптасуы мен қазіргі кезеңдегі аймақтағы ұлт құрылысы процессін кешенді, жүйелі зерттеу және мемлекеттің ұлттық бірегейлікті қалыптастыру бойынша жаңа мемлекеттік идеологиялық парадигмаға негіз болатын зерттеу жұмысын әзірлеу.
Жоба нәтижелері
Күтілетін нәтижелер
- Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу;
- сонымен қатар, ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 4 (төрт) мақала немесе шолу;
- немесе Social Science Citation Index индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу; сонымен қатар, ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу;
- немесе Web of Science базасындағы Arts and Humanities Citation Index индекстелетін рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала және (немесе) шолу.
2. Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша ұжымдық монография әзірлеу.
3. Ғылыми жоба бағыты бойынша білімалушыларға арналған оқу құралын әзірлеу.
4. Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы этноәлеуметтік шиеленістің пайда болу себептерін анықтау және олардың алдын-алу бойынша жергілікті ішкі саясат басқармаларына ұсынымдар әзірлеу;
5. Қазақстандағы ұлттық бірегейлік және өңірдегі этносаралық қатынастар мәселелері бойынша халықаралық ғылыми конференция ұйымдастыру.
6. Зерттеу жұмысының барысында жинақталған материалдар негізінде ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, жергілікті атқару органдары қызметкерлерінің, өлкетанушылардың қатысуымен ғылыми семинар, дөңгелек үстел ұйымдастыру.
7. Зерттеу нәтижелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде пайдалану, ендіру актісі.
8. Далалық экспедициялар барысында жинақталған материалдар мен сауалнама негізінде ғылыми мақалалармен сараптамалық есеп дайындау.
9. Жастар арасында ұлттық-азаматтық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында іс-шаралар, эссе, ғылыми жұмыстар конкурсын ұйымдастыру.
10. Жобаның Веб-парақшасын жүргізу.
11. Қоғамды елдік істерге ұйыстыру мақсатында зерттеу жұмысының нәтижелерін насихаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында сұқбат беру, ғылыми жобаның негізгі қорытындыларымен таныстыру және зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша тарихи-танымдық деректі фильм дайындау.