Биология
Білім беру бағдарламасының шифры

6B01533

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс

Оқу деңгейі

Бакалавриат

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Бейіндік пәндер

Химия
Биология

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Кәсіби қызметінде инновациялық технологияларды, оның ішінде STEM-, CLIL-, IT-технологияларын қолдана алатын, тұжырымдамалық және теориялық білім саласында, ғылыми зерттеулер жүргізуде және ғылымда оларды қолдануда педагогикалық және пәндік құзыреттіліктерге ие білікті биология мұғалімін дайындау

Информация

Өзектілігі

Бұл «Биология» білім беру бағдарламасы (БББ) әртүрлі қазақстандық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығымен және халықаралық консультанттарды тарта отырып әзірленген, педагогтарды даярлауға арналған ұлттық білім беру бағдарламасы болып табылады. Бұл білім беру бағдарламасы ұлттық болғандықтан, ондағы сипаттамалық мәтіндерде нақты ақпарат жоқ, бірақ жалпы педагогикалық қағидаттар мен тақырыптар қамтылған.

«Биология» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының мектеп білімі үшін педагогтерді даярлаудағы құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленді. Білім беру бағдарламасы Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және тәрбие саласындағы жаңғырту идеяларын көрсетеді (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы, 19.01.2023 өзгерістерімен және толықтыруларымен)

БББ болашақ мұғалімдердің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмей, теңдік, сыйластық, толеранттылық қағидаттарын сақтай отырып, оқуға тең мүмкіндіктер береді.

Табиғаты жағынан ол пәнаралық, болашақ мұғалімдерге бағытталған, ғылыми интеграцияланған және проблемалық-бағдарланған болып табылады, ал курстарды таңдау тарих пен қоғамның өзекті мәселелерімен анықталады және курстардың халықаралық дескрипторларына сәйкес келеді.

БББ оқыту мен бағалау әдістері, сондай-ақ пәндік курстар БББ көрсетілген құзыреттіліктерге қол жеткізу мен өлшеуді қамтамасыз ететіндей етіп таңдалатын, сындарлы келісім қағидаттарын көздейтін. Сонымен қатар, БББ болашақ мұғалімдердің көпұлтты және көпконфессиялы құрамын және олардың оқытуды қолдаудағы әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып, инклюзивті тәсілді ұстанады.

Білім беру бағдарламасы инновациялық технологияларды, соның ішінде STEM -, CLIL -, IT-технологияларды кәсіби қызметте пайдалануға қабілетті білікті биология мұғалімін даярлауға бағытталған. Түлектер тұжырымдамалық-теориялық білім, ғылыми зерттеулер жүргізу және оларды ғылымда қолдану саласында педагогикалық және пәндік құзыреттерге ие.

  • Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
  • Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
  • Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері
  • Инклюзивті білім беру ортасы
  • Оқытуды жоспарлау және дербес оқыту
  • Оқытудың әдісі мен технологиялары
  • Бағалау және дамыту
  • Педагогикалық зерттеулер
  • Зерттеулер, даму және инновациялар
  • Мұғалім кәсібіне кіріспе (педагогикалық практика)
  • Психологиялық және педагогикалық бағалау (педагогикалық практика)
  • Педагогикалық тәсілдер (педагогикалық практика)
  • Білім берудегі зерттеулер мен инновациялар (педагогикалық практика)
  • Өсімдік ағзасының құрылымы мен қызметі
  • Өсімдік ағзаларының әртүрлілігі
  • Өсімдіктер физиологиясы
  • Адам және жануарлар физиологиясы
  • Жануарлардың құрылымы мен қызметі 1
  • Жануарлардың құрылымы мен қызметі 2
  • Молекулярлық биология
  • Биологияны тұжырымдамалық оқыту
  • Оқу практикасы және оны мектепте өткізу әдістемесі (Ботаника)
  • Оқу практикасы және оны мектепте өткізу әдістемесі (Зоология)

  • Өмір қауіпсіздігінің негіздері
  • Адам биологиясы
  • Адам анатомиясы
  • Тірі ағзалардың жеке дамуы
  • Цитология, гистология және эмбриология
  • Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары
  • Генетика және селекция негіздері
  • Тірі ағзалардың салыстырмалы анатомиясы және эволюциясы
  • Эволюциялық ілім
  • Биогеоценология
  • Өсімдіктер, жануарлар және адам экологиясы
  • Қазақстанның биоресурстары
  • Әлемнің флорасы мен фаунасы
  • Қоршаған орта химиясы
  • Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
  • Биохимия
  • Биоорганикалық химия
  • Биофизика және биоинформатика
  • Жаратылыстанудың ғылыми негіздері
  • Биометрия
  • Эксперименттік биология
  • Микробиология биотехнология негіздерімен
  • Қолданбалы биология топырақтану негіздерімен
  • Биологиядағы STEM-білім
  • Биологиядағы цифрлық технологиялар
  • STEM оқытуды жобалау
  • Биологиялық экспериментті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері
  • Биологиялық зерттеулерді жүргізу әдістемесі
  • Биологиялық білім берудегі зерттеу және жобалау қызметі
  • Академиялық жазылым
  • Биологиядағы пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени-құқықтық және этикалық нормаларына сәйкес әрекет ете отырып, әлеуметтік-саяси, экономикалық және құқықтық білім негіздерін пайдалана отырып, тұлғалық және кәсіби бәсекеге қабілеттілікті көрсете отырып өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту
  • тілдік құзыреттіліктерді дамыту үшін аналитикалық және сыни ойлауды пайдалана отырып, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалау
  • ғылыми-педагогикалық зерттеулер саласында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін, ақпаратты өңдеу мен синтездеудің заманауи әдістерін қолдану
  • қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуын, толыққанды әлеуметтік және кәсіби іс-әрекетті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағытталу
  • жеке тұлғаға бағытталғанған, құзыреттілікке негізделген, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, білім беру ортасының әртүрлі түрлерінде оқыту, тәрбиелеу, бағалау әдістерін әзірлеу және қолдану
  • зертханалық және далалық зерттеулерді жоспарлау, жүргізу, деректерді жинау және өңдеу үшін әдістеме таңдау мен талдауды жүзеге асыру
  • сындарлы педагогикалық және әлеуметтік қызмет, өзінің педагогикалық дамуы мен әл-ақуалы үшін кәсіби қарым-қатынастарды құру
  • күнделікті кәсіби іс-әрекетке және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті сабақтас ғылымдар бойынша білімдерін интеграциялау
  • табиғаттағы заңдылықтарды, құбылыстар мен процестерді түсіндіру, дүниенің жаратылыстану-ғылыми бейнесі туралы тұтас көзқарасты қалыптастыру үшін жаратылыстану пәндерінің тұжырымдамалық теориялары мен заңдарын пайдалану
  • биологияның іргелі негіздерін және оның дамуының қазіргі тенденцияларын, биологиялық жүйелердің әртүрлілігі мен қызметі, олардың көптүрлілігі мен эволюциясы туралы білімдерін пайдалану
  • тірі табиғаттың деңгейлік ұйымдасуын, адамның биологиялық табиғаты мен әлеуметтік мәнін талдау, ғылыми дүниетанымын, экологиялық және генетикалық сауаттылығын көрсету
  • стандартты емес мәселелердің шешімдерін жасау және ұсыну, академиялық жазылым дағдыларын, академиялық адалдық қағидаларын пайдалана отырып, биологиялық және педагогикалық зерттеулерді жүргізу және модельдеу