Тарих және әлеуметтік-дінтану  ғылымдары
Білім беру бағдарламасының шифры

7М02201

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс, Ағылшын

Оқу деңгейі

Магистратура

Оқу ұзақтығы

2 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Тарих және әлеуметтік-дінтану ғылымдары бойынша біліктілігі жоғары, ғылыми-зерттеу даярлығы бар, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгерген, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыра және жүргізе алатын ғылыми және педагогикалық кадрларды білім беру жүйесінде және мемлекеттік қызметте кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін даярлау.

  • Тарих және ғылым философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Жоғарғы мектеп педагогикасы
  • Басқару психологиясы
  • Педагогикалық тәжірибе

  • Қазақстанның жаңа тарихының өзекті мәселелері
  • Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының өзекті мәселелері
  • Этнологияның іргелі мәслелері
  • Дүниежүзі тарихының тарихнамасы
  • Қазіргі археография
  • Қазақстанның қазіргі заман тарихының көкейкесті мәселелері
  • Отан тарихының өзекті мәселелеріне қазіргі заманғы теориялық-методикалық қөзқарастар
  • ҚР тарих ғылымының ұйымдасуы
  • Деректану мен тарихнаманың теориялық - методикалық мәселелері
  • Мәселелік тарихнама
  • Дүниежүзілік тарихтың іргелі мәселелеріне жаңа көзқарастар
  • Қазіргі замаңғы Еуропа және Америка тарихының көкейкесті мәселелері
  • Аблайтану: мәселелер мен ізденістер
  • Қазақстан тарихының тарихнамасы
  • Қазіргі әлемдегі ислам және саясат
  • Қазіргі таңдағы діни процестер
  • Деструктивті және тоталитарлық ағымдардың өзекті мәселелері.
  • Діни мәтіндерді түсіну және интерпретациялау мәселесі
  • Жаңа діни қозғалыстар

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • Тарих және әлеуметтік-дінтану ғылымдары бойынша білімді меңгеру үшін цифрлық және ақпараттық технологияларды пайдалану.
  • Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша өз тұжырымымен дәлелденген эвристикалық тәсілдер арқылы отандық және шетелдік тарихтың өзекті мәселелері бойынша міндеттерді шешу.
  • Білім беру мекемелерінде тарихи пәндерді оқыту әдістемесі бойынша білімдерін көрсету.
  • Елдің қазіргі саяси процесінде, әсіресе Қазақстанның солтүстік өңірлерінде діни проблемаларды шешу кезінде стандартты емес ғылыми негізделген ұсыныстар ұсыну.
  • Мемлекеттік органдардың діни мекемелермен ынтымақтастығын ұйымдастыру үшін Қоғаммен, ұжыммен әлеуметтік-коммуникативтік өзара іс-қимыл дағдыларын меңгеру.
  • Ақмола облысының мысалында "Зайырлы мемлекет және дін", "Қазіргі әлемдегі ислам және саясат" пәндерінің мазмұны арқылы діни экстремизмді, ислам проблематикасын және мемлекеттегі зерттеуді зерттеу бағыттарын анықтау.
  • "Аблайтану: мәселелер мен ізденістер" пәні арқылы білім алушылардың көшбасшылық ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында тарихи тұлғалардың рөлін сыни бағалау.
  • Әлеуметтанудың қазіргі мәселелері бойынша болашақ мамандардың теориялық білімдерін қалыптастыру процесінде қажетті әлеуметтанулық теорияларды білу.

Басқа білім беру бағдарламалары