IT жобаларын басқару
Білім беру бағдарламасының шифры

7М06103

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс

Оқу деңгейі

Магистратура

Оқу ұзақтығы

2 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

IT жобаларды басқару саласындағы магистрлерді ғылыми-педагогикалық және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету

  • Ғылым тарихы мен философия
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Жоғары мектеп педагогикасы
  • Басқару психологиясы
  • Зерттеу мәдениеті және ғылыми этика
  • Бизнес-процестерді модельдеу
  • Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қоса)
  • Ақпараттық жүйелерді талдау, модельдеу және жобалау
  • Деректерді ұйымдастырудың модельдері мен әдістері
  • Жетілдірілген бағдарламалық инженерия
  • Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қоса)
  • Педагогикалық тәжірибе
  • Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қоса)
  • Зерттеу тәжірибесі
  • Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қоса)
  • Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау
  • IT жобаларды басқару
  • Жоба жоспарын құру
  • Жоба тәуекелдерін басқару
  • Жоба командасын басқару
  • Шешім қабылдауды қолдау жүйелері
  • Оңтайлы шешімдерді қабылдау әдістері
  • Нейрондық желілер
  • Машиналық оқыту әдістері
  • Интеграцияны басқару
  • Сапаны басқару әдістері
  • Көп жобаны басқару және портфельді басқару
  • Жоғары өнімді есептеу жүйелері
  • Бизнес-аналитика
  • Деректердi интеллектуалдық талдау
  • Кластерлік талдау
  • Бейнелерді тану әдістері
  • Эконометрикалық aқпараттық технологиялар
  • Оңтайландыру әдістері
  • Ақпараттық қауіпсіздікті басқару
  • Құрылымдалмаған деректерді талдау және өңдеу

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

қазіргі қоғамдағы тарихи-философиялық және рухани процестердің рөлін біледі, ғылыми-зерттеу қызметі барысында туындайтын мәселелерді шешуде қазіргі ғылыми тәжірибеде жиі қолданылатын әдіснамалық тәсілдерді қолданады

кәсіби ақпарат алу үшін қажетті көлемде шет тілін меңгерген; ғылыми хат алмасу жүргізу, ғылыми мақалалар мен баяндамалар дайындау дағдысын, іскерлік әңгімелер мен келіссөздер жүргізу, ұлттық және халықаралық деңгейде жобалар жүргізу үшін жалпы және кәсіби лексиканы пайдалана отырып, тұлғааралық қарым-қатынас үшін жеткілікті коммуникативтік дағдыларды меңгерген

негізгі ережелерді, әдістеме мен дидактиканы қолданады, пәнаралық және проблемалық- бағдарланған оқытуға негізделген заманауи білім беру және коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, университеттегі оқу-тәрбие процесін жобалайды және ұйымдастырады

басқару қызметінің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарының жүйелік ережелерін, әлеуметтік-психологиялық білімді пайдалану ерекшеліктерін, тиімді басқару негізінде жатқан әлеуметтік-психологиялық принциптерді талдауды қолданады

кәсіпорынның IT инфрақұрылымын құру және дамыту жобаларын басқару міндеттерін шешу үшін қажетті IT жобаларды қазіргі заманғы басқарудың тиімділігін бағалау әдістерін, стандарттарын, әдістемелері мен қағидаттарын меңгерген

жобаны басқаруға интеграцияланған ақпараттық технологиялар жүйесін қолдануда заманауи тәсілдерді қолдана отырып, жобаларды басқару міндеттерін орындау үшін бағдарламалық өнімдерді пайдаланады

теориялық әдістерді және қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, берілген өлшемдер мен шектеулерді ескере отырып, кәсіби міндеттерді шешу нұсқаларын әзірлейді және негіздейді; шешімдер қабылдауды ақпараттық-талдамалық қолдау үшін математикалық әдістер мен бағдарламалық құралдарды пайдаланады

жобалық топты басқару және дамыту дағдыларын меңгерген