13 наурыз күні біздің университетімізде Kokshetau Ualikhanov University "Кенші" студенттік ғылыми үйірмесі мен "Тау-кен ісі,Құрылыс және экология" кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған кеш өтті. Шақырылған қонақтардың қатарында ішкі саясат басқармасы жанындағы әлеуметтік даму орталығының басшысы Айдар Қазжанұлы Қожабаев, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің магистранты Смағұлов Нұржан, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің магистранты,жас геолог маманы Райымбеков Абай, "Жас геолог" мектеп үйірмесінің өкілдері, №3 Қызылжар орта мектебі, Көкшетау қ.№6 орта мектеб лицейі және Гуманитарлық-техникалық лицейдің оқушылары қатысты.Қатысушылар Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми жаңалықтары мен жетістіктері туралы баяндамаларын ұсынды.
Қаныш Имантайұлының мұрасы біздің жүрегімізде мәңгі сақталып, бізді жаңа жетістіктерге шабыттандыра берсін!!!