2024 жылғы 21 қарашада Ualikhanov University-ң студенттері мен ОПҚ ерекше білім беру іс-шарасының қатысушылары болды. Оларға балалар психологиясы мен терапиясы саласындағы әлемдік сарапшылар дәрістер оқыды:

Therapeutic Innovation International директоры және педиатриялық кәсіптік терапияның жетекші маманы Элизабет Джейн Шаффер балалар денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған балалармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері туралы айтты.

Сингапурдың Ұлттық білім беру институты деканының орынбасары, психология және балаларды дамыту бойынша қауымдастырылған профессор Чуа Билинг балалар психологиясы бойынша зерттеулер ұсынды және білім беру саласында үздік практикаларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Тыңдаушылар спикерлердің жоғары кәсібилігін және алған білімдерінің құндылығын атап өтті. Дәрістер қызығушылық тудыртып, студенттерді де, оқытушылар құрамын шабыттандырды.

Мұндай кездесулер Ualikhanov University-ң жаһандық академиялық қоғамдастығы үшін жаңа көкжиектер ашып, халықаралық тәжірибені білім беру процесі мен кәсіби қызметке біріктіруге мүмкіндік береді.