22 қараша Nobel Fest 2024 аясындағы дүниежүзілік білім апталығының екінші күні. Бүгін мұғалімдер, ата-аналар мен мектеп басшыларын біріктіретін кәсіби білім беру платформасын қалыптастыру мақсатында құрылған халықаралық бастама – Білім қызметкерлерінің саммиті өтті.
Күні кешегідей фестивальде әлемнің түкпір-түкпірінен келген атақты ғалымдар мен ұстаздар сөз сөйлеп, өз білімдерін ортаға салып, қатысушыларды жаңа жаңалықтар ашуға шабыттандырды.
Екінші күннің ерекше оқиғасы «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын тапсыру рәсімі болды.
Сыйлықтың ТОП-10 жеңімпазы әлемдік аренаға ұсынылады. Байқауға Қазақстанның ТОП-50 үздік оқытушысы да қатысты, оның ішінде университетіміздің екі түлегі бар!
Ualikhanov University-і өз түлектерін мақтан тұтады және олардың алдағы жетістіктеріне сәттілік тілейді.