Nobel Fest 2024 23 қарашада аяқталып, әлемдік білім апталығының шарықтау шегіне айналды. Фестивальдің үшінші күні білім және отбасы тәрбиесі саласындағы ең маңызды және өзекті тақырыптарды қамтыған эксклюзивті жабық семинарларға арналды.

Ата-аналарға арналған «Бақытты отбасы және бала» семинары отбасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуға және балалардың дамуына қолдау көрсетуге бағытталған негізгі шаралардың бірі болды

.Білім берудегі серпінді әдістер талқыланған «Әлем мұғалімдері» сессиясы бүкіл әлем мұғалімдерін оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге шабыттандырды.Фестиваль барлық қатысушыларға жарқын әсерлер мен жаңа идеялар қалдырып, жоғары нотада аяқталды.

Ualikhanov University осындай ауқымды шараның бір бөлігі болғанын мақтан тұтады және өз студенттері мен түлектерін ғылым мен білімді дамытуға жігерлендіре береді.