2024 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күніне орай "Құқықтық ағарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Конференцияға құқық қорғау органдарының, жоғары оқу орындарының басшылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен еріктілер шақырылды. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор А. Капышев өз баяндамасында университетте академиялық адалдық пен парасаттылықты сақтау, студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен тығыз ынтымақтастық нәтижелері туралы айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Оразхан Асхат Оразханұлы жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, академиялық адалдық пен парасаттылықты ілгерілету ісіне белсенді қатысқаны үшін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құқық кафедрасының меңгерушісі Бағдат Сағынханқызы Рахметулинаға грамота табыс етті.