Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан гранттық қаржыландыру бағдарламасы аясында «Есіл-Сілеті тарихи-географиялық аумақ тұрғындарының тұрмысы мен мәдениеті: этноархеологиялық зерттеу» атты ғызыми зерттеу жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобаны орындау Есіл-Сілеті тарихи-географиялық аумағы туралы жазылған ғылыми еңбектермен танысып, жинақтап-жүйелеуден басталды. Сонымен қатар 2024 жылғы күз маусымында далалық археологиялық зерттеу жұмыстары жасалды. Онда Ерейментау өңірінде археологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, 21 тарихи нысан тіркеуге алынып, құжаттары толтырылды. Зерттеу нысаны болып отырған несандардың бір бөлігі ерте көшпелілердің жерлеу нысандары мен қоныстары болса, ескерткіштердің көп мөлшері қазақ қыстауларын құрайды. Барлау жұмыстары барысында табылған ескерткіштердің инструменттік, топографиялық жобалары түсірілді. Құрлысы ерекше нысандардың аумақтық жер бедерінің цифрлы моделі мен ортофотожобасы түсірілді. Таңдаулы нысандардың 3D кескініндегі көшірмесін жасауға керекті фото түсірілімдер жасалды.
Сонымен қатар Ерейментау ауылы аумағында орнласқан Жиенқұл қыстауы мен Дүйсенбұлақ қонысында археологиялық қазба жұмыстары жасалды. Зерттеу барысында құрлыс қалдықтары, тас құралдар мен қыш ыдысытың сынқтары табылды. Қазіргі таңда табылған жәдігерлер бойынша арнайы мамандардың көмегімен зертханалық таллдау жұмыстары жасалуда.
Жоба орындаушысы: археолог, PhD Сырым Есен