«Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының «500 ғалым» жобасы көптеген университет оқытушыларына, соның ішінде «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ оқытушыларына, Айжан Шарипова мен Әсел Уразбаеваға кәсіби дамуға, оқу және ғылыми зерттеулерді жетілдіруге, біліктіліктерін арттырып, шетелдік жоғары білікті мамандармен тәжірибе алмасу сонымен қатар, шетелдік серіктестермен ынтымақтастық желісін қалыптастыруға бірегей мүмкіндік берді.

Ш. Уәлиханов университеті оқытушылары Айжан Шәріпова мен Әсел Уразбаева «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы шеңберінде 2022- 2023 жылдар аралағында АҚШ Мичиган Штатының Университетінде тағылымдамадан өтті. Бұл тағылымдама оқытушылар үшін өте нәтижелі болды.

2024 жылдың 27 ақпанында оқытушылар Ұлыбританияның Ноттингем Трент университетінен келген шетелдік сарапшылары және кафедра оқытушыларының қатысуымен «Шетел тілін үйренушілерді ынталандыру стратегиялары» тақырыбында тамаша шеберлік сабағын өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – әріптестермен өзара білім алмаса отырып, шетел тілін оқытуда мотивация стратегияларын жүзеге асырудың маңыздылығын және оның студенттердің оқу үлгеріміне әсерін түсінуге, сондай-ақ қатысушылардың өзара ынтымақтастық пен сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Семинарға қатысушылар мотивациялық стратегиялар теориясымен және олардың тіл үйретуде қолданысы, Джон Келлердің ARCS мотивациялық моделін жүзеге асыру жолдарымен танысты, өздерінің шетел тілін оқытуда қолданатын әдіс тәсілдері жөнінде ой қозғап, тәжірибелерімен бөлісті.

-