Бүгін Ualikhanov University-е «Шоқан» бастауыш партия ұйымының есеп беру жиналысы өтті. Ұйым өз қызметін 2024 жылдың маусымында бастады және қазір университеттің оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерін қосқанда 95 мүшесі бар.
Жиынды ректордың кеңесшісі А.А.Сейтқасымов жүргізіп, университеттің 2024 жылы атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Жиынға Ualikhanov University ректоры Сырлыбаев М.К, қызметкерлері арасынан «Аманат» партиясының мүшелері, сонымен қатар құрметті қонақ – Ақмола облысы бойынша «Аманат» партиясының төрағасы Беспалинов Берген Маратұлы қатысты.
Жиын барысында бастауыш ұйымның қызметі туралы есеп беріліп, өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды. Қатысушылар алға қойған мақсаттарына жету үшін белсенді жұмысты жалғастырып, университет пен өңірдің дамуына үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.