2024 жылғы 6 сәуірде Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжанов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Көкшетау қаласында Огайо штаты Университетінің (Ohio State University) делегациясын қарсы алдық.

Кездесу барысында өңірімізді дамытуға бағытталған басым мәселелер туралы, кадрлар даярлау және ынтымақтастық қарым-қатынастар талқыланды.

Ualikhanov University және Ohio State University академиялық қызмет бойынша бірлесе жұмыс істейтін болады. Агрономия, агробизнес, экология, медицина және білім беру саласында кадрларды даярлау мәселелерін бірлесіп талқылауға шешім қабылданды.

Ресми іс-сапар Қазақстанның түкпір-түкпірінен түсіп, оқып жатқан дарынды оқушылардың IQanat мектебіне барумен аяқталды. Кездесу барысында Министріміз Саясат Нұрбек еліміздің жоғары білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер, Қазақстанда шетелдік филиалдардың ашылуы туралы кеңінен тоқталып, оқушыларды ғылыммен айналысуға және болашақта ғалым болуға шақырды. Сонымен қатар, заңгер, адвокат, Аризона штатының ҚР-дағы құрметті елшісі Хью Холман мырза жастардың алдындағы шексіз мүмкіндіктер мен шет тілдерін үйренудің маңызына тоқталды.

Ualikhanov University-мізге қолдау көрсеткен шетелдік әріптестеріме алғысымды білдіремін.