2024 жылдың 7-10 сәуірі аралығында «Ualikhanov University ғылымындағы жастар жылы» бағдарламасы қолдауымен, туризм білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Беспалина Алуа Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және Меймандостық университеті ұйымдастырған «Қазақстан туризмін әлемдік деңгейде дамыту: мәселелері мен перспективалары» атты конференцияға «Агротуризмнің дамуындағы мәселелер: Зеренді ауылы мысалында» баяндамасымен қатысып келді. Бұл бағдарлама арқылы білікті мамандармен пікір алмасып, көлемді ғылыми жұмыстарды талқылай отырып, үлкен тәжірибе алды. Аталған конференцияға еліміздің жоғары оқу орындарының туризм саласындағы білікті мамандар, Phd докторлар, сонымен қатар Түркиядан келген профессорлар қатысты. Ортада туризм дамуындағы өзекті мәселелер талқыланды. Конференция қатысушылары Алуаның жасаған баяндамасына қызығушылық танытып, қызу талқыға салды. Оларға алдағы уақытта Ақмола облысының туризмін дамытуға қатысты ұсыныстарымен бөлісті. Конференцияға қатысу Алуаның айтуынша үлкен мүмкіндіктердің алғашқы бастамасы болды, себебі, білікті мамандармен жұмыс жасауда тың ойлар мен жаңашыл идеялар Алуаның алдағы жоспарларына көп септігін тигізді.