Қазақ тілі мен әдебиеті
Білім беру бағдарламасының шифры

6В01707

Оқыту тілі

Қазақ

Оқу деңгейі

Бакалавриат

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Бейіндік пәндер

Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Жаңартылған білім мазмұнына сай қазақ тілі мен әдебиетінен теориялық және әдістемелік білімді меңгерген, ғылыми-зерттеу дағдысы қалыптасқан, адами құндылықтарды құрметтейтін білім бакалаврларын даярлау

  • Педагогикалық мамандыққа кіріспе
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
  • Педагогика
  • Инклюзивті білім беру
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
  • Білім беру менеджменті және цифрландыру
  • Академиялық хат
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
  • Қазақ жазуының тарихы және іс қағаздары
  • Аударматану
  • Әдебиеттануға кіріспе

  • Тіл біліміне кіріспе
  • Практикалық қазақ тілі
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
  • Гендерлік және когнитивтік лингвистика
  • Қазақ-орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
  • Арнайы курс:Қазақ тілі оқулықтарының лингводидактикалық негіздері
  • Арнайы курс: Аксиолингвистика
  • Балалар әдебиеті
  • Ежелгі және хандық дәуірдегі әдебиет
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
  • ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1960)
  • Қазақ тілінде оқытатын және оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесі
  • Тілдік қатынас негіздері
  • Жалпы тіл білімі
  • Функционалды грамматика
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы
  • Қазақ тілінің стилистикасы және мәтінтану негіздері
  • Әдебиет теориясы және қазақ әдебиеті сынының тарихы
  • Арнайы курс: Абайтану және оқытудың жаңа технологиялары
  • ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1960-2022)

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • Оқытылатын саладағы озық білімге негізделген адам құқықтары саласындағы білімнің теориялық негіздерін көрсету, баланың құқықтары мен мүдделерін, педагогтың кәсіби ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын бағалау, білім алушылардың азаматтық құқықтарын құрметтеу, қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін талдау, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіну, негізгі қоғамдық, экономикалық процестер мен бағдарламаларды кәсіби деңгейде қолдану.
  • Көп мәдениетті және көпконфессиялы білім беру ортасында сындарлы диалог үшін қазақ, орыс және шет тілдеріндегі коммуникация стратегияларын таңдау, белсенді тыңдау, әсер ету және шабыттандыру, ұзақ мерзімді қарым-қатынасты сақтау, командада жұмыс істеу немесе оны басқару және қақтығыстарды шешу, қоршаған ортаға сәйкес өзгеру мүмкіндігін беретін эмоционалды интеллектісін басқара алу.
  • Сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы сай бойынша қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу материалын сыни іріктеу, бағалау және әзірлеу үшін психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы білімі мен іскерлігін көрсету.
  • 12 жылдық білім беру бағдарламасының мазмұнындағы кәсіби бейімдеу және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін критериалды бағалау технологиясын (ФБ,БЖБ, ТЖБ және т.б.) және мамандандырылған оқыту әдістемесін практикада қолдану, педагогикалық менеджмент саласында білімдерін көрсету, педагогикалық мониторингті жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын қолдану.
  • Білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық құжаттардың негізіндегі білімін көрсете отырып негізінде педагогикалық мониторингті жүзеге асыратын білім беру менеджері ретінде мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, педагогикалық өлшеуіштер мен индикаторлар жүйесін әзірлеу, білім беру ұйымының жұмыс істеу тиімділігін болжау және т.б.
  • Ғылыми зерттеулердің, академиялық жазудың әдістерін білу және лингвистика мен әдебиеттанудың теориялық ұғымдарының негіздерін қолдану, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес орта мектептің мектеп бағдарламасына енгізілген бөлімдер мазмұнын, тіл мен әдебиетті дәуірлеудің негізгі кезеңдерін сипаттау.
  • Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын меңгергендігін көрсету, сөздерді, сөйлемдерді, мәтінді талдауды орындау,инновациялық технологияларды пайдалана отырып зертттеулер, талдау және зерттеу нәтижелерін бағалауды жүргізу, қазақ тілінде ауызша және жазбаша коммуникацияның әртүрлі типтерінің негізгі әдістері мен тәсілдерін меңгеру, жүйелі ғылыми ойлау мәдениеті, креативті ғылыми, инновациялық және білім беру қызметі дағдыларына ие болу.
  • Сөз өнері ретінде әдебиетке тән ерекшеліктері қалыптастыру, әдеби терминологияны пайдалану, түрлі жанрдағы әдеби мәтіндерді талдау, материалды жалпылау және салыстыру, авторлардың көркемдік әдістері мен шығармашылық жүйелерінің ерекшеліктерін анықтау, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстан дәстүрлі және инновациялық технологияларды оңтайлы үйлесімді қолдану, филологиялық пәндерді жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде оқытуды ұйымдастыруда, 12 жылдық білім беру бағдарламасы, жаңартылған білім беру және критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.