Биология
Білім беру бағдарламасының шифры

6B01514

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс

Оқу деңгейі

Бакалавриат

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Бейіндік пәндер

Химия
Биология

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

  • Орта білім берудің жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепоқушысының жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру үшін инновациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсібиқызметті жүзеге асыруға және педагогикалық процесті ұйымдастыруға қабілетті бәсекеге қабілетті білім бакалаврындайындау.
Информация

Өзектілігі

"6B01514-Биология" білім беру бағдарламасы дайындық бағыты 6В051"Педагогикалық ғылымдар" бойынша "Биология" білім беру бағдарламасының түлегіне қажетті негізгі құзыреттіліктіқалыптастыратын жаңа тәсілдерді ұсынады. 6B01514 "Биология" білім беру бағдарламасының бірегейлігі Дублиндікдескрипторлар негізінде қалыптасқан оқу нәтижелерімен анықталады және студенттердің жеке қасиеттерін дамытуға,жалпы мәдени және кәсіби (жобалау-іздестіру, ғылыми-зерттеу, ақпараттық-коммуникативтік, ұйымдастырушылық-басқарушылық) құзыреттіліктерін қалыптастыруға және практикалық қызметте дағдыларын жүзеге асыруға бағытталған.Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің талаптары мен еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып әзірленген.

  • Педагогикалық мамандыққа кіріспе
  • Оқушылардың даму физиологиясы
  • Педагогика
  • Инклюзивті білім беру
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
  • Педагогикалық практика (үздіксіз)
  • Білім беру менеджменті және цифрландыру
  • Академиялық хат
  • Ботаника
  • Оқу практикасы 1
  • Цитология және гистология
  • Зоология
  • Оқу практикасы 2
  • Адам анатомиясы
  • Биологияға кіріспе
  • Адам және жануар физиологиясы
  • Генетика
  • Өсімдіктер физиологиясы
  • Эволюциялық ілім
  • Педагогикалық практика
  • Биологияны оқыту әдістемесі
  • Өндірістік (педагогикалық) практика
  • Диплом алды практика
  • Флористика
  • Гүл шаруашылығы және ландшафттық дизайн негіздері
  • Антропология
  • Геронтология
  • Биологиялық ұғымдар (ағылшын тілінде)
  • Базалық шетел тілі, В1деңгейі
  • Биология ағылшын тілінде
  • Базалық шетел тілі, В2 деңгейі
  • Биологиядан сабақтан тыс жұмыстар
  • Биологиядан көрнекі құралдарды дайындау
  • Биометрия
  • Биоиндикация
  • Молекулалық биология
  • Молекулалық биотехнология
  • STEM сабақтарын өткізу әдістемесі
  • Биологияны оқытудағы CLIL технологиясы
  • Микробиология және вирусология
  • Гендік инженерия
  • Жалпы химия
  • Аналитикалық химия
  • Биологиялық химия
  • Органикалық химия
  • Қазақстанның биоресурстары
  • Дәрілік өсімдіктер
  • Мектеп жанындағы учаскедегі тәжірибелік жұмыс әдістемесі
  • Биологиялық есептерді шешу

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • Кең ой-өрісі мен ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін ғылыми жаратылыстану,әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық пәндер бойынша ғылыми-теориялық негіздердің, заңдар мензаңдылықтардың базалық білімін көрсету;
  • Кәсіби салада тілдік, коммуникативтік және академиялық жазу дағдыларын (мемлекеттік, орыс, ағылшын) пайдалану;
  • Қолданбалы бағдарламалық құралдарды, ақпаратты өңдеудің заманауи әдістерін және оқытудың жаңа сандықтехнологияларын қолдану;
  • Биология ғылымы саласындағы міндеттерді алынған теориялық білім негізінде өз бетінше, сондай-ақ топпен біргеәзірлеу және іс жүзінде шешу;
  • Биологияны оқытудың тиімді формалары мен әдістерін таңдау және пайдалану, көшбасшылық тұрғысынан орта білімберудің жаңартылған мазмұны аясында биологияны оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, критериалдыбағалауды (формативті және жиынтық бағалау және т. б.) пайдалана отырып, жұмысты тиімді ұйымдастыру;
  • Инклюзивті оқыту және тәрбиелеу жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудыңнегізгі нысандары мен әдістерін практикада қолдану, оларды дамыту үшін жағдай жасау мақсатында жеке және топтықоқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру;
  • Академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, биология және дидактика салалары бойынша алынған ғылымизерттеулердің нәтижелерін өз кәсіби қызметіне әзірлеу және енгізу;
  • Магистратурада білімін жалғастыру мақсатында кәсіби өзін-өзі дамыту үшін қажетті шектес салалардан білім жүйесінсинтездеу негізінде жаңа білім алу дағдыларын көрсету