6B01601 «Тарих және дінтану»(Major)
Білім беру бағдарламасының шифры

6B01601

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс

Оқу деңгейі

Бакалавриат

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Бейіндік пәндер

Дүниежүзі тарихы
География

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

  • Педагогикалық білім бакалавры алған білімдерін кәсіби қызметте дұрыс қолдана алатын және оқу процесін қазіргі ғылыми деңгейде ұйымдастыра алатын тарихи-дінтану Білім жүйесін қалыптастыру.
  • Білім алушыларды жалпыадамзаттық және әлеуметтік-жеке құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм, діни төзімділік, толеранттылық рухында тәрбиелеу.
  • Тарихи және дінтану білімдерінің әртүрлі салаларында ғылыми-зерттеу, жобалау, практикалық қызметке қатысу арқылы студент тұлғасының зияткерлік дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы; заманауи білім беру технологияларын, оның ішінде мектеп стандарттарының талаптарын іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларды меңгеру.
  • Болашақ мұғалімдердің заманауи білім беру ортасына тиімді кірігуі үшін кәсіби-тұлғалық әлеуметтену дағдыларын жетілдіру (көшбасшылық, өзара қарым-қатынастарды басқару, командада жұмыс істеу және т.б.).
Информация

Өзектілігі

ББ іске асыру тарих және дінтану саласында педагогикалық, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық, сараптамалық-талдау және ұйымдастыру-басқару қызметін іске асыруды қамтамасыз ететін жоғары білікті кадрларды даярлауға және білім беру, мәдени және ғылыми сала үшін зияткер элитаны қалыптастыруға бағытталған.

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Ежелгі дүние тарихы
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
  • Дене шынықтыру
  • Қазақстан тарихы
  • Діни антропология
  • Педагогикалық мамандыққа кіріспе
  • Мәдениеттану
  • Оқу тәжірибесі (мұрағат-мұражайлық)
  • Саясаттану
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
  • Академиялық хат
  • Шетел тілі
  • Оқу тәжірибесі (археологиялық)
  • Өндірістік педагогикалық практика
  • Педагогикалық тәжірибе (үздіксіз)
  • диплом алды тәжірибесі
  • Археология
  • Әлеуметтану
  • Білім беру менеджменті және цифрландыру
  • Деструктивті және тоталитарлы ағымдар
  • Дін әлеуметтануы
  • Дінтануды оқыту әдістемесі
  • Инклюзивті білім беру
  • Қазақ тілі/орыс тілі
  • Алғашқы қауым тарихы
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
  • Музейтану және архивтану
  • Педагогика
  • Психология
  • Тарихты оқыту әдістемесі
  • Түркі халықтарының тарихы
  • Философия
  • Этнология

  • Дүниежүзі тарихының тарихнамасы және деректануы
  • Әлемдік діндер тарихы
  • Дін психологиясы
  • Еуропадағы реформаторлық қозғалысы
  • Қосалқы тарихи пәндер
  • Қазақстан мен Орталық Азияның жаңа және қазіргі заман тарихы
  • Қазақ халқының мәдениеті және ислам құндылықтары
  • Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы
  • Мемлекеттік басқарудың тарихы
  • Орта ғасырлардағы Азия мен Африка елдерінің тарихы
  • Тарихи география
  • ТМД тарихы мен мәдениеті
  • Христиандық теология
  • Шығыс елдерінің орта ғасырлар тарихы
  • Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі кезеңдегі өркениеті
  • Экология және тұрақты даму
  • Ислам дінтану тарихы
  • Әлемдік өркениеттер тарихы
  • Діни мәдениет негіздері
  • Қазақстан халқының діни мәдениеті
  • Қазақстан мен Орталық Азияның ортағасырлық тарихы
  • Орта Азия және Қазақстан халықтарының этнографиясы
  • Орта ғасырдағы батыс мемлекеттерінің өркениеті
  • Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
  • Тіршілік қауіпсіздік негіздері
  • Халықаралық қатынастар тарихы
  • Шоқантану
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
  • Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
  • Азия мен Африканың жаңа және қазіргі заман тарихы
  • Еуропа мен Американың жаңа және қазіргі заман тарихы

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • Ой-өрісі кең, ойлау мәдениеті жоғары, толеранттылық пен гуманизммен үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми пәндер саласындағы базалық білімдерін көрсету;
  • Одан әрі өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру, іскерлік байланыстарды, кәсіби қарым-қатынасты, ұлтаралық қарым-қатынасты іске асыру үшін мемлекеттік және шет тілдерінде коммуникативтік дағдыларды қолдану;
  • Білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін (БЖБ, ТЖБ) енгізу мәнмәтінінде мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру үшін цифрлық білім беру технологиялары саласындағы білімді практикада қолдану;
  • Оқу-тәрбие процесін, оның ішінде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін гуманистік дүниетаным негізінде өзінің азаматтық ұстанымын қорғауда көшбасшылық қасиеттерді көрсету;
  • Тарихи ескерткіштер мен дереккөздердің әртүрлі санаттары негізінде адамзат қоғамының ерте даму кезеңдерін, жекелеген құбылыстарды, күнделікті қызметті және т. б. қайта құру үшін тарихи оқиғаларды сыни бағалау; әртүрлі өркениеттердің белгілерін салыстыру және ажырату; әлеуметтік және саяси құрылымның әртүрлі формалары, тұлғаның тарихтағы рөлі туралы білімдерін көрсету;
  • Қазақ және түркі халықтарының тарихын, мәдениеті мен дінін дүниежүзілік тарих пен жалпы әлемдік өркениеттің бір бөлігі ретінде бағалау; алған білімдерін ғылыми-зерттеу жұмыстарында, археологиялық, этнографиялық экспедициялардың қызметінде патриотизм мен әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыру үшін қолдану;
  • Тарихи зерттеулерде тарихи процестердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтау және тарихи тұлғалардың қызметін объективті бағалау үшін Еуропа мен Америка, Азия және Африка елдерінің тарихы саласындағы базалық білімді пайдалану; тарихи дереккөздерді оларды практикалық пайдалану үшін сыныптау;
  • Әлемдік діндер тарихы бойынша білімді қоғамның діни жай-күйін оның дамуының әртүрлі кезеңдерінде талдау және білім алушылардың толеранттылығы мен діни шыдамдылығын қалыптастыру үшін пайдалану
  • ТМД тарихы мен мәдениеті, әлемдік саяси дамудың қазіргі заманғы үрдістері бойынша білімдерін көрсету; діни факторларды ескере отырып, ұлттық қауіпсіздік проблемалары бойынша ТМД мен халықаралық қоғамдастықтың ұстанымдарын талдау;
  • ҚР білім берудің жаңартылған мазмұнын және критериалды бағалау жүйесін ескере отырып, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметінде инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану; кәсіби қызметтің жеке стилін қалыптастыру үшін заманауи білім беру үрдістеріне сәйкес бірегей оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу; кәсіби қызметтің әртүрлі түрлеріне психофизикалық дайындық және өзін-өзі дайындау үшін дене шынықтырудың әртүрлі құралдарын пайдалану.