Пайдалы қазбаларды байыту
Білім беру бағдарламасының шифры

6B07206

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс

Оқу деңгейі

Бакалавриат

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Бейіндік пәндер

Математика
Физика

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Байыту фабрикаларында автоматтандырылған жобалаудың заманауи жүйелерін пайдалана отырып, өндірістік және жобалық қызметті орындау үшін қажетті, өңірлік және республикалық еңбек нарығының өзекті талаптарына сәйкес келетін кәсіби және жеке құзыреттері, құндылықтары бар пайдалы қазбаларды байыту және табиғи минералдық шикізат пен техногендік түзілімдерді кешенді пайдалану саласында сыни ойлайтын білікті кадрларды даярлау.

Информация

Білім беру бағдарламасының өзектілігі

Пайдалы қазбаларды, оның ішінде сирек кездесетін металдарды өндіру және байыту саласындағы жобалық-технологиялық шешімдері бойынша түлектерді қызметке дайындау, байыту фабрикаларында техникалық және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру; Қазақстанның тау-кен байыту комбинаттарында техникалық жүйелерді құру, пайдалану және технологиялық процестерді басқару.

  • Инженерлік геология
  • Тау-кен өндірісінің экологиясы
  • Байыту фабрикаларын жобалау
  • Магниттік байыту әдістері
  • Электрлік байыту әдістері
  • Сызба геометриясы және инженерлік графика
  • Теориялық механика
  • Тау кен өндірісінің негіздері
  • Пайдалы қазбаларды байыту негіздері
  • Жер қойнауын пайдаланудағы нормативтік ережелер
  • Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау
  • Менеджмент және маркетинг негіздері  
  • Кен емес пайдалы қазбаларды байыту технологиясы
  • Сирек металдардың кендерін байыту технологиясы
  • Қара металл кендерін байыту технологиясы
  • Түсті металл кендерін байыту технологиясы
  • Тау-кен байыту кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік   
  • Экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік
  • Гравитациялық байыту әдістері
  • Көмірді байыту
  • Ашық тау-кен жұмыстарындағы геодезия және маркшейдерлік іс
  • Жерасты тау-кен жұмыстарындағы геодезия және маркшейдерлік іс
  • Тау жыныстарының физикасы
  • Тау жыныстарының механикасы
  • Байыту өндірісінің процестері мен аппараттары
  • Металлургия негіздері
  • Салалар бойынша инженерлік шешімдерді сараптау
  • Инженерлік және ақпараттық инновациялар
  • "Revit" бағдарламасында 3D модельдеу
  • Байыту процестерінің гидроаэромеханикасы
  • Пайдалы қазбаларды байыту технологиялары
  • Кенді дайындау процестері мен жабдықтары
  • Байытудағы инновациялық техниканы дамыту
  • Байытуға арналған пайдалы қазбаларды зерттеу
  • Байытудың арнайы және аралас әдістері
  • Электрмен жабдықтау және байыту процесін автоматтандыру
  • Байыту процестері мен схемаларын модельдеу
  • Технологиялық минералогия
  • Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық-технологиялық бағалау

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

Ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық пәндер бойынша базалық білімдерін көрсету; Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіну;

Командада жұмыс істеу, таңдалған жеке ұстаным негізінде өз көзқарасын тұжырымдау және дәлелдеу;

Қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, технологиялық процеске енгізу үшін тау-кен байыту саласындағы жаңа ғылыми-техникалық ақпаратты сыни бағалау;

ЕҚ және ҚТ, ҚС қағидаларын орындау, Жабдықтар мен құралдарды техникалық пайдалану бойынша өндірістік нұсқама жүргізу, сондай-ақ олардың сақталуын бақылау;

Өндірістік және технологиялық тәртіптің, өндірісте Орындалатын жұмыстардың сапасына қойылатын талаптардың, пайдалы қазбаларды байытуға, еңбекті қорғауға, өртке қарсы қорғауға арналған жабдықтарды пайдалану қағидаларының, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың сақталуын бақылауды орындау; 

Өмір бойы кәсібилікті арттыру үшін өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту дағдыларын пайдалану.

Нарық жағдайында туындайтын өндірістік, технологиялық, ұйымдастырушылық және қаржылық тәуекелдерді ескере отырып, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу үшін қолданылатын жалпы және арнайы мақсаттағы бағдарламалық өнімдермен жұмыс істей білу;

Өнімнің қажетті сапасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өңдеудің заманауи технологиялары мен әдістерін қолдану.

Тау-кен өндірісі саласындағы жаңа ғылыми-техникалық ақпаратты сыни бағалау, Өндірістік жұмыстарды орындау тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды әзірлеу мүмкіндігі