ESHA
«4 жоғары қонақ үй мектебін құру» (ESHA) жобасы
Келісімшарт нөмірі: № 144790 – TEMPUS – 2008 – RU – JPCR
Жоба коды: ETF-JP-00276-2008
Жоба үйлестірушісі: GIP FIPAG Academy de Grenoble
Өтініш беруші: Катанов атындағы Хакас мемлекеттік сервис және дизайн институты.
Мақсат:
ҚР және халықаралық үлгідегі дипломдарын бере отырып, қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі саласында бәсекеге қабілетті мамандарды (бакалаврлар, магистрлер, ғылым докторлары) даярлау және мектеп құру.
4 өңірде жоғары қонақ үй мектептері құрылады: Екатеринбург (РФ), Абакан (РФ), Кишинев (Молдова) және Көкшетау (Бурабай, Қазақстан).
Міндеттер:
- Нарық қажеттіліктерін зерттеу.
- Кәсіби қызметтің анықтамалықтарын жасау.
- Қонақ үй бизнесі мектептерін құрудың халықаралық тәжірибесін зерттеу.
- Стандарттарды, оқу жұмыс жоспарларын, пәндердің ОӘК жасау және жаңарту
- Жоғары қонақ үй мектебіне студенттерді қабылдау және оқыту.
- Екі диплом (еуропалық және қазақстандық үлгідегі) беру.
- Қазақстан аумағында тәжірибені тарату.
Нәтижелер
Щучье-Бурабай курорттық аймағында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында қонақ үй және мейрамхана бизнесінің жоғары мектебін ашу.