Филология: қазақ филологиясы
Білім беру бағдарламасының шифры

7M02301

Оқыту тілі

Қазақ

Оқу деңгейі

Магистратура

Оқу ұзақтығы

2 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Жоғары білім беру парадигмасы контексіндегі филология және педагогикалық ғылымдардың бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын жоғары кәсібилілікпен ғылыми-зерттеу жұмысында және педагогикалық тәжірибеде қолдана алатын, филология саласы бойынша ғылыми білім жүйесін игерген, зайырлы қоғам және жоғары руханиятты өркендетуде тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығын ғылыми-педагогикалық қызметте пайдалана білетін Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы қоғам сұранысын қанағаттандыратын мамандарды қалыптастыру;

  • Ғылым тарихы мен философиясы
  • Жоғары мектептің педагогикасы
  • Басқару психологиясы
  • Шет тілі (кәсіби)
  • Зерттеу мәдениеті және ғылыми этика

  • Қазіргі қазақ терминологиясының өзекті мәселелері
  • Қазақ тіл біліміндегі уәждеме мәселелері
  • Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуника тивтік синтаксисі
  • Функционалдық стильдің теориялық мәселелері
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары:психолингвистика және әлеуметтік лингвистика
  • Әлем әдебиетінің тарихы
  • Әдебиеттанудағы жаңа бағыттар
  • Әдеби басылым
  • Жоғары мектеп әдістемесі
  • Аймақтық әдебиеттану
  • Қазіргі қазақ әдеби тілінің әлеуметтік мәні
  • Қазақ фольклорының тарихи поэтикасы

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • Жоғары білім беру парадигмасы контексіндегі филология және гуманитарлық ғылымдардың бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын жоғары кәсібилілікпен ғылыми-зерттеу жұмысында қолданады, қоғамдық институт ретінде ғылымның рөлі мен орнын анықтайды; отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін, ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін меңгереді. Әлемдік әдеби процестің, қазақ тілінің тарихын, тіл білімінің және әдебиеттанудың жаңа бағыттарының өзекті мәселелерін жан-жақты зерделеп, олардың ерекшеліктерін анықтай алады.
  • Гуманитарлық ғылымдардың әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы қалыптасқан ғылыми көзқарастар негізінде тіл-адам-мәдениет-этнос төрттігінің тұтастығын, синтаксистің функционалдық және коммуникативтік аспектісін анықтайды, тілдің коммуникативтік бірліктері ретінде дисскурс, тілдесім актісі, тілдесім жанры, тілдік жағдаятты саралайды, аталым,уәждеме теориясын, қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерін теориялық және практикалық тұрғыдан игереді.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысында ғылыми танымның қазiргi үрдістері мен филологияның өзекті мәселелерін салыстырады, синтаксистің функционалдық және коммуникативтік аспектіде зерттелуін, батыс елдері халықтары әдебиетінің тарихын, қазіргі қазақ прозасы, поэзиясы, драматургиясындағы мифтік сарындар мен фольклорлық дәстүрлердің берілу жолдарын таниды, көркем шығарма құрылымындағы фрагментарлық, циклдену процестерін игереді. Аймақтық әдебиеттанушылардың ғылыми мұрасы, әдеби процестегі орны жөнінде, жаңа сөздерді аталым шарттарымен байланыстыра зерделеуге қатысты өзіндік ғылыми көзқарасын дәлелдейді, ғылыми болжам жасайды.
  • Жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы түсінігіне сүйеніп, әртүрлі ғылыми бағыттар негізінде жинақтаған білімін интеграциялайды, зерттеушілік ұстанымдарын пәнаралық байланыста жүзеге асырады; зерттеушілік іс-әрекетте жоғары интелектуалдық адалдық дағдыларын қалыптастырады, адамзат тілінің пайда болу жолдары, даму кезеңдері туралы ғылыми көзқарастарды бағалайды, сол арқылы өз пікірін тұжырымдайды.
  • Ғылыми зерттеулер контексінде мақсатына қарай қажетті идеяларды таңдап, сауатты қолданады, оның нәтижелерін ғылыми мақала, есеп, талдамалық жазбалар түрінде жариялайды, зерттеу барысында ғылыми мағлұматтарды қисынсыз өзгертпейді, фальсификацияламайды, плагиатқа жол бермейді, ғылыми этикалық ұстанымдарын сақтайды, ғылыми-зерттеу міндеттерін өздігінен шешу әдістемесі мен тәсілдерін үйреніп, теориялық және практикалық білімдерін тереңдетеді.
  • Жоғары мектеп педагогикасы мен әдістемесінде жаңартылған білім мазмұнына сай қалыптастырушы және жиынтық бағалауға негізделген критериалды бағалау, сын тұрғысынан ойлау, жеке және топтық жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс және көшбасшылық, шешендік, инклюзивті білім негіздері, сандық білім жүйесі бойынша теориялық білімді меңгереді, тіл, әдістеме ғылымдарындағы соңғы жаңалықтар бойынша ізденіп, зерттеу жасайды, коммуникативтік, кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті педагогикалық тәжірибеде қолданады.
  • Филологиялық мамандықтың әлеуметтік мәнін бағалап, педагогтың кәсіби тұлғалық қасиетін, заман талабына сай кәсіби бiлiмін еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті болу үшін үнемі жетілдіріп, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгереді, тіл, әдебиет, әдістеме ғылымдарындағы соңғы жаңалықтар бойынша ізденіп, шығармашылық әрекеті де заманға сай қалыптасады. Мәтінтану іліміндегі зерттеу әдістері мен технологияларын жете түсініп, мәтін түзудің заңдылықтарын дәлелдей алады.
  • Кәсіби қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен әдістемесін меңгеру арқылы оқыту үдерісінде қазақстандық патриотизмді бойына сіңірген білім алушылардың танымдық қызметінінің психологиясын ажыратып, көшбасшылықтың психикалық ерекшеліктерін, түрлі оқыту технологияларын сыни тұрғыдан салыстырады, синтаксистік бірліктердің стилистикалық-прагматикалық қызметі талданады, тілдік материалдарды функционалдық тұрғыдан бөлімдерге бөледі, талқылайды, тіл біліміндегі жаңа бағытарға қатысты әлемдік және ұлттық ғылыми тұжырымдарды салыстыра зерттеп, әдістеме ғылымының қоғам дамуымен, ғылымдағы өзгеріс-жаңалықтармен үнемі қалыптасып даму үстінде болатындығын игереді.
  • Пәндер тоғысында жинақтаған білім мазмұнын зерттеу міндеттерін шешуде ғылыми тұжырымдар, креативті шешiмдер ұсынып, ғылыми жұмыстарының нәтижелерін кәсіби қызметінде пайдаланады; кәсіби қызметінде белсенді біліктіліктер мен дағдыларды одан әрі дамыту арқылы шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдетеді.
  • Критериалды бағалау технологиясын (ФБ,БЖБ, ТЖБ және т.б.) және мамандандырылған оқыту әдістемесін 12 жылдық білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес тиімді қолданып, педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерін көрсетіп, педагогикалық мониторингті жүзеге асыруда біліктері мен дағдыларын қолдана алу шеберлігін танытады. Ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды заманауи талапқа сай қолдануда кәсіби деңгейде шет тілін еркін меңгеріп, кәсіби қызметінде белсенді біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастырады.

Басқа білім беру бағдарламалары