Қоғамдық денсаулық
Білім беру бағдарламасының шифры

6В10102

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс

Оқу деңгейі

Бакалавриат

Оқу ұзақтығы

5 жыл

Бейіндік пәндер

Химия
Биология

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Қоғамдық денсаулық сақтау, менеджмент, денсаулық сақтаудағы сапа мен тәуекелдерді басқару саласында арнайы білімі мен дағдылары бар, қазіргі заманғы менеджменттің инновациялық бағыттарын ілгерілетуге және халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту жөніндегі медициналық-әлеуметтік іс-шараларды әзірлеуге қабілетті жоғары білікті бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау мамандарын даярлау.

Информация

Миссия

6В10102 "Қоғамдық денсаулық" білім беру бағдарламасының миссиясы - " заманауи ғылыми жетістіктерден шабыттана отырып, болашақ көшбасшыларын қалыптастырамыз! Біздің бағдарлама озық технологияларды, заманауи ғылыми зерттеулердің жетістіктерін қолдана отырып, халықтың денсаулығы мен санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығының өзекті жаһандық проблемаларын шешу үшін біліммен және дағдылармен жарақтандырылған дарынды және креативті мамандарды дамытуға бағытталған".

Өзектілігі

Білім беру бағдарламасы денсаулық сақтау жүйесінде сапа бойынша арнайы білімі мен дағдылары бар білікті мамандарды, практикалық денсаулық сақтау үшін сарапшыларды: МСАК, аурухана ұйымдарын және түрлі мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерді ұйымдастырып дайындауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесі стратегиялық менеджмент және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы мен тәуекелдерін басқару саласында әртүрлі деңгейдегі даярланған кадрларға мұқтаж.

  • Қазақстан тарихы
  • Философия
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Мәдениеттану
  • Психология
  • Қазақ тілі
  • Шет тілі
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Дене шынықтыру
  • Генетика және молекулярлы биология
  • Анатомия
  • Қоршаған орта және денсаулық
  • Өмірдің биохимиялық, молекулалық және биофизикалық негіздері
  • Фармакология негіздері
  • Микробиология және иммунология
  • Физиология
  • Қоғамдық денсаулық
  • Эпидемиология негіздері
  • Мамандыққа кіріспе
  • Әлеуметтану және денсаулық психологиясы
  • Жалпы гигиена
  • Дәлелді медицина негіздері
  • Дезинфекциялық істің негіздері
  • Биостатистика
  • Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар
  • Медициналық статистика
  • Зерттеу негіздері. Биоэтика
  • Медициналық ұйымдардағы менеджмент негіздері
  • Денсаулық сақтаудағы маркетинг негіздері
  • Заңнамаға және денсаулық сақтау экономикасына кіріспе
  • Госпитальды басқаруға кіріспе
  • Дұрыс тамақтану және тамақ қауіпсіздігі
  • Еңбек гигиенасы
  • Қоршаған ортаның гигиенасы
  • Коммуналдық гигиена
  • Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы
  • Кәсіби аурулар
  • Медициналық статист көмекшісінің өндірістік практикасы
  • Гигиена бойынша өндірістік практика
  • Нутрициология (тамақтану гигиенасы)
  • Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
  • Дезинфекциялық іс негіздерімен эпидемиология
  • Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды ұйымдастыру
  • Жұқпалы және паразиттік аурулардың эпидемиологиясы
  • Денсаулық сақтау экономикасының негіздері
  • Медициналық сақтандыру
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу
  • Денсаулықты басқару негіздері
  • Медициналық қызметтердің сапасын басқару
  • Денсаулық сақтау саясаты және заңнама
  • Эпидемиология бойынша өндірістік тәжірибе
  • Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша өндірістік тәжірибе

  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Алғашқы медициналық көмек негіздерімен валеология
  • Академиялық хат
  • Ғылыми-зерттеу қызметінің негіздері
  • Жобалау қызметін ұйымдастыру
  • Профилактикалық медицина негіздері
  • Денсаулық сақтаудағы инновациялар және адам ресурстарын басқару
  • Денсаулық сақтаудағы инновация және кәсіпкерлік
  • Денсаулық сақтаудағы тәуекел-менеджмент
  • Медицинадағы деректерді талдау
  • Жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиясы
  • Халықты медициналық-әлеуметтік қорғау
  • Төтенше жағдайлар кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралар
  • Емдеу-алдын алу ұйымдарындағы гигиена

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • Академиялық адалдық қағидаттарын түсінумен үйлесімді тұлғаны қалыптастыру үшін экологиялық мәдениет, қауіпсіздік, экономика, әлеуметтік-мәдени және тарихи ағарту саласындағы маңызды аспектілерге негізделген білімді қалыптастырады.
  • Қоғамдық денсаулықтағы заманауи мәселелерді анықтау және шешу үшін кәсіби қызметте биомедициналық ғылымдардың білімін пайдалану.
  • Жеке қарым-қатынас деңгейінде де, қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдарымен және институттарымен, оның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жүйелі өзара іс-қимыл деңгейінде де тиімді қарым-қатынас дағдыларын көрсетеді.
  • Мәселелерді талдау және шешу кезінде, оның ішінде кәсіби қызметте мақсаттар мен міндеттер қою және одан әрі оқытуды жоспарлау үшін сыни ойлау дағдыларын қолданады.
  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қызметін ұйымдастыруға қабілетті.
  • Тіршілік ету ортасының сапасына, денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің көрсеткіштеріне және халықтың денсаулық жағдайына мониторинг пен бағалауды жүзеге асыруға қабілетті.
  • Қоғамдық денсаулықты басқарудың заманауи технологиялары мен әдістерін меңгерген.
  • Емдеу-профилактикалық мекемелерде, оның ішінде төтенше жағдайлар жағдайында инфекциялық бақылау технологияларын меңгерген.
  • Нормативтік-құқықтық актілерге негізделген денсаулық сақтау қызметтерінде медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін өлшеу, тәуекелдерді басқаруды талдау және бағалау әдістерін меңгерген.