Астықты сақтау және қайта өңдеу технологиясы
Білім беру бағдарламасының шифры

6B07203

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс

Оқу деңгейі

Бакалавриат

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Бейіндік пәндер

Химия
Биология

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

  • Кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігі бар, қазіргі еңбек нарығының талаптарына жауап беретін астық өңдеу кәсіпорындарында өндірістік-технологиялық қызмет үшін жоғары білікті кадрлар даярлау
Информация

Білім беру бағдарламасының өзектілігі

Оқыту процесіне астық өңдеу кәсіпорындарында қолданылатын қазіргі заманғы технологияларды енгізу

  • Қазақстан тарихы
  • Философия
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Мәдениеттану
  • Психология
  • Қазақ (орыс) тілі
  • Шетел тілі
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
  • Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
  • Тіршілік қауіпсіздік негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Ғылыми зерттеу негіздері
  • Қаржылық сауаттылық негіздері
  • Дене шынықтыру
  • Инженерлік графика және машина жасау сызуы
  • Математика
  • Физика
  • Химия
  • Тамақ технологияларының негіздері
  • Академиялық хат
  • Бидайдан сыра мен спирт алудың заманауи технологиялары
  • Астық өңдеу кәсіпорындарының электр жабдықтары
  • Оқу практикасы
  • Өндірістік практика
  • Ұн және жарма өндіру технологиясы
  • Өсімдік майын өндіру технологиясы
  • Астықты терең өңдеудің арнайы технологиялары
  • Өндірістік практика
  • Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары
  • Метрология, стандарттау және сертификаттау
  • Дипломалды/ Өндірістік тәжірибе

  • Өсімдік шаруашылық өнімдерін өндеу және сақтау
  • Өндеу өндірістерінің технологиясы
  • Астық өңдеу кәсіпорындарындағы заманауи CALS технологиялары
  • Инженерлік есептеулердегі компьютерлік 3D модельдеу
  • Нан-тоқаш, ұннан жасалған кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру технологиясы
  • Тамақ өнімдерінің рецептуралары мен технологияларын жасау
  • Астық және астық өнімдерінің биохимиясы
  • Өсімдік өнімдерінің биохимиясы
  • Астық және астық өнімдерінің микробиологиясы
  • Өсімдік шикізатының микробиологиялық қауіпсіздігі
  • Астық өңдеу кәсіпорындарындағы тасымалдағыш машиналары мен механизмдер
  • Астық өңдеу кәсіпорындарындағы желдету және аспирациялық жүйелер
  • Астық өңдеу өндірістерінің технологиялық желілері
  • Астықты тазартуға және сақтауға арналған машиналар, агрегаттар, кешендер
  • Диірмен,жарма және құрама жем зауыттарының технологиялық жабдықтары
  • Бидай өндеу үшін технологиялық машиналар және жабдықтар теориясы мен есептеу негізі
  • Астық өңдеу кәсіпорындарында еңбекті қорғау
  • Тамақ өнеркәсібіндегі еңбекті қорғау
  • Элеваторлар жобалау
  • Нан пісіру, кондитерлік және макарон кәсіпорындарын жобалау
  • Астықты кептіру және сақтау технологиясы
  • Элеватор өнеркәсібінің заманауи технологиялары
  • Энергияны үнемдейтін кептіру және астықты тазарту
  • Наубайхана кәсіпорындарындағы техникалық бақылау
  • Астық өңдеу кәсіпорындарында өндірістік бақылау
  • Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикасы
  • Элеватор өнеркәсібіндегі логистика және басқару
  • Технологиялық кәсіпкерлік және стартап
  • Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжау
  • Тамақ өнімдерін және шикізаттарын зерттеу әдістері
  • Шикізат пен дайын өнімнің сапасына сараптама

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философиялық, әлеуметтік - саяси, экономикалық, жаратылыстану және құқықтық білім негіздерін, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ауызша және жазбаша нысандағы коммуникацияны білу және түсіну
  • Зерттелетін салада ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолдану, кәсіби қызметте академиялық адалдық принциптерін сақтау, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтының практикалық негіздерін білу.
  • Әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың жұмыс істеуінің теориялық негіздері, заңдары мен заңдылықтары туралы білімдерін көрсетеді;
  • Өндірістік-технологиялық қызмет үшін өсімдік шикізатынан өнімді қайта өңдеу технологиясы саласында мамандандырылған білімді қолдана білу;
  • Қолданыстағы технологиялық желілерді (процестерді) басқаруды жүзеге асыруға және өсімдік шикізатынан қайта өңдеу өндірістерінің технологиясын жақсарту үшін объектілерді анықтауға қабілетті болу ("Астықты сақтау және қайта өңдеу технологиясы" бейіні үшін);
  • Нормативтік құжаттама талаптарына және нарық қажеттіліктеріне сәйкес өсімдік шикізатынан алынатын азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылауға қабілетті болу ("Астықты сақтау және өңдеу технологиясы" бейіні үшін);
  • Әлемдік тәжірибені ескере отырып, астықты кептірудің, сақтаудың және өңдеудің қолданыстағы технологиялық процестерінің тәжірибесінде дағдыларды көрсету;
  • "Астықты сақтау және қайта өңдеу технологиясы" бейіні үшін қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы саласындағы ғылымның заманауи жетістіктерін бағалауға және енгізуге қабілетті болу;
  • Кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа білім алу дағдыларын меңгеру, қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін астық өңдеу кәсіпорындарының технологиялық желілерін жобалай білу ("Астықты сақтау және қайта өңдеу технологиясы" бейіні үшін;
  • Еңбек жағдайларының қауіпсіздігін, экология мәселелерін қоса алғанда, қайта өңдеу саласында қолданылатын заңнамалық актілер мен техникалық нормативтерді пайдалана білу, кәсіби қызметке байланысты түрлі жағдайларда құзыретті болу